Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.01.2018

Жуырда аймақ басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Шагурашид МАМАЛИНОВ пен Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бауыржан АСАНОВ бастаған бір топ азамат жұмыс сапарымен Шет ауданына қарасты бірнеше шаруа қожалықтардың қыс мерзіміндегі жай-күйімен танысып қайтты.

Солардың қатарында Ақжал поселкелік округына қарасты Зияда Мұқатаев есімді азамат басқарып отырған «Жандос» шаруа қожалығы, Ақсу ауылының Жанат Иманов басшылық ететін «Ақатан» шаруа қожағылы және Ақшоқы ауылындағы Мақсат Әбішевтің иелігіндегі «Ақшоқы» шаруа қожалығы болды.

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы аймағымыздағы барлық шаруа қожалықтарын жіті назарда ұстауда. Олардың даму бағыты мен өркендеу үдерісіне үлкен мән беріледі. 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстық ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 158,1 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 101,5 пайызды көрсетті. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 90,3 млрд. теңгені қамтыған. Бұл салада мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі байқалып отыр. Сонымен қатар, құс басы мен мал басы өсті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Бес институционалдық реформа – 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 88-қадамын «Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттыӊ арқасында еӊбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардыӊ (біздіӊ заманымыздыӊ батырларыныӊ) табыстарыныӊ артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағыттаған болатын. Олай болса, тәуекелге бел буып, кәсіпкерліктің ауыл шаруашылығы сынды айрықша түрін таңдаған жерлестеріміз жетерлік. Ал, біздің мақсат – сол азаматтардың атын жаңғырту, есімін елге жаю, – деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов.

Таңдап қана қоймай, шаруасын ұршықша иіріп, тіпті, көптеген азаматтарды жұмыспен қамтып келеді. Жасыратыны жоқ, жаһандық дағдарыс уақытында іс бастаудан тартыншақтап жүрген отандастарымыз аз емес. Қиындықтың бір ұшы қаржы мәселесіне келіп тірелетін болса, енді бірі дайын өнімді тұтынушыға өткізудің ауыртпалығымен түсіндіріледі. Дегенмен, Елбасымыздың сарабдал саясаты осы екі мәселенің де шешімін табуға бағытталған. Олай дейтініміз, жыл сайын еліміздегі ірілі-ұсақты кәсіпкерлер үкімет тарапынан түрлі қаржылай көмек пен жәрдемақыға кенеледі. Бұл бір. Екіншіден, отандық өнімдерді енді ішкі саудаға ғана бағыттамай, шет елдерге де экспорттау мүмкіншілігі пайда болды.

Білікті маман – жемісті еңбектің кепілі. Сапарлас болған сондай азаматтардың қатарында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Мұхтаров, Қарағанды облысының ветеринариялық басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков болды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес мерзіміне ет өндірісі 1,8 пайызға өсіп, 124,2 мың тоннаны құраса, сүт 3 пайызға өсіп, 395 мың тоннаны құрады. Ірі қара мал басы 1,0 пайызға өсті (471,8 мың бас), оның ішінде сиыр басы 1,2 пайызға өсті (243,3 мың бас), жылқы 5,7 пайызға артты (244,8 мың бас).

Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 5,2 мың бас мал сатып алу, 2,6 мың басқа мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланған еді. Сөйтіп, өткен жылдың 1 қазанына «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5 346 бас аналық ірі қара мал, 268 бас бұқа сатып алынды. Шетелдік селекциялы 1012 бас мал әкелінді. Бұқар жырау ауданының «Жаке» шаруа қожалығында 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Жобаның негізгі компоненттерінің бірі 3-6 ай ағымында интенсивті бордақылауды қамтамасыз ететін және союға малдың тауарлық топтамаларын қалыптастыратын өнеркәсіптік бордақылау алаңдарын құру болып табылады. Бұл ретте, республика көлемінде өткен жыл бойынша жалпы қуаттылығы 26,0 мың басқа арналған бордақылау алаңдары іске қосылып, жоспардың 74 пайызы жүзеге асты. Ал, осы жұмыс сапары кезінде «Ақшоқы» шаруа қожалығының басшысы Мақсат Әбішев 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңының іргесін қалайтынын мәлімдеп, тағы бір өндіріс орнының іске қосылатынына куә болып қайттық.

ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 514
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px