Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 27.04.2018

Инновациялық жобалар қолдаусыз қалмайды
Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту бағдар­ламасы бойынша кезекті үйлестіру кеңесінің отырысында Индустрияландыру картасына енгізуге өтініш берген және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын жобалар қарастырылды.
Қызғалдақ Айтжанова,
«Орталық Қазақстан»

Индустрияландыру картасы­на ұсынылған 2 жоба талқыға түсіп, шағын қалаларды дамыту бағ­дар­ламасы бойынша 8 жоба сарапталды.  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен 8 жоба өтініші кеңес мүшелерінің назарына ұсынылды.
Индустрияландыру картасын­дағы жобалар – «Қараған­ды-Нан» өндірісін кеңейту және жаңғырту», Осакаров ауданынан «Табыс Агро Д» ЖШС «Асылтұқымды репродуктор құру» жобасы.
«Қарағанды-нан» жобасының құны – 600 млн.теңге шамасында. Жоба бидайдың қатты сортынан жылына 1800 тонна макорон өнімін алуды көздейді. Ол өнімдер Қарағанды аймағын ғана емес, еліміздің өзге облыстарына шығарылатын болады. Сондай-ақ, Кеден одағы елдері мен Орта Азия аймағына да экспортқа шығаруды мақсат етіп алыпты. Өнімнің қазақстандық мазмұны –шикізат бойынша 90-80 пайыз. Ал, екінші жобаның құны – 405 млн. теңге. Оның жобалық қуаттылығы жылына – 400 сиыр, 25 тонна ет. Қазіргі таңда мұнда 350 сиырға арналған 4 қора және жұмысшыларға арналған екі пәтерлі 10 үй тұрғызылған. Өзінің қоймалары және арнайы техникалары бар.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Kaz metiz»  ЖШС болат өндірісі, «СП Оптим-кран Казахстан» ЖШС көпірлік крандар және тағы да маңызды жобалар қарастырылды. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Балқаш, Теміртау қалаларының жобалары талқыланды.  Олардың қатарында «Тастемір» ЖШС-нің асфальтбетонды өндірісін жаңғырту, «Металл Инвест КZ» ЖШС станок паркін жаңғырту және «Ткачев» ЖК жүк тасымалдау үшін техника алу жобалары бар.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 515
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1227
count 88x31px