Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.01.2018

Инвестиция –  жүйелі жұмыс кепілі
Кеше облыс әкімі өткізген кезекті аппарат кеңесінің күн тәртібіне табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау мәселесі шығарылып, тиянақты талқыға салынды.
Кеңесті бастамас бұрын Нұрмұхамбет Әбдібеков облыс активіне Қарағанды облысы бо­йынша қорғаныс істері жөнін­дегі департаменттің жаңадан тағай­ындалған бастығы Ардақ Құқатов пен Қарағанды облысы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің жаңа басшысы Рахмет Базыловты таныстырды.
Аталған мәселенің жай-күйі бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Шырынәлі Үсенов хабарлама жасады.
Сала басшысының мәлімдеу­інше, аймақтағы 112 табиғи монополиялар субъектілерінің 63-інің қуаттылығы айтарлықтай емес, сол себепті, олар бойынша инвес­тициялық бағдарламалар қабылдаудың қажеттілігі жоққа тән. Ал, қалған 49 табиғи монополиялар субъектілерінен 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен алғанда, 24 субъектінің жалпы сомасы 11,4 млрд. теңге шамасында бекітілген инвестициялық бағдарламалары бар.
Қазіргі таңда жүргізілген тиімді жұмыстардың нәтижесінде, шамадан жоғары шығындар толығымен жойылып, жылу қуатының, сумен қамтамасыз ету және электр қуатының шамалық-техникалық шығындары барынша азайтылды.
Айталық, 2013 жылы «Қара­ғанды Жарық» ЖШС шамадан артық шығындарды жою және шама­лық шығындарды шегеру бағдар­ламасына салған инвестициясы 8,2 млн. теңгені, немесе жоспарлы деңгейге шаққанда 103 пайызды құрады. Бұдан тысқары, автоматтандырылған коммерциялық есептеу жүйесін енгізуге 6 749 млн. теңге қарастырылды. Аталған жүйені қолданысқа енгізуге қатысты іс-шаралар толық көлемде және межелі мерзімінен бұрын орындалды.
Көңілге қонымды шаралардың тағы бір мысалы, 2013 жылы «Қарағанды Су» ЖШС  мақсатты негізде салған инвестицияның сомасы 717 млн. теңгені құрады. Осы ретте, кәсіпорындағы жоспарлы сома 660 млн. теңге болғанын атап өткен жөн.
Ізгі ниетпен салынған инвестиция есебінен 9,8 шақырымдық су құбыры желілері күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, 57 су айдау станциясы жөнделіп, кәрізді су айдау желілері жаңғыртылды. Сатылып алынған 41 бірлік арнайы автотехникалар желілер бойындағы апаттарды дер кезінде жүргізуге және шұғыл жойып, қалпына келтіріп отыруға мүмкіндік берді.
Мәселені талқылау түйінінде аймақ басшысы табиғи монополиялар субъектілерінің қабылданған инвестициялық міндеттемелерін сапалы орындауына қатысты біршама тапсырмалар берді.
Аппарат кеңесінде, сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары мен басқа да салалық бағыттарға жетекшілік ететін орынбасарлары ағымдық сипаттағы жұмыстар ауқымына шолу жасады.
Кеңесті қорытындылар сәттегі сөзінде аймақ басшысы қалалар мен аудандар әкімдеріне, тиісті басқармалар басшыларына Астана күні мерекесін атап өтуге әзірлік барысын ширатуды, соған орай, кешенді іс-шаралардың келісті деңгейде ұйымдастырылуын міндеттеді. Сондай-ақ, тиісті құрылымдар басшыларына тұрғындардың су қоймалары мен өзен-көлдерде жазғы шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз жүзеге асыруды жүктеді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 491
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px