Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.01.2018

Ислам даму банкі:   инвестиция құюға ынталы ма?
Кенді аймақтағы келісті жобаларға инвестиция құюға мүдделі елдердің қатары бұл күнде аз емес. Әлемнің алпауыт инвесторларына озық жобалары мен бизнес климатты байыптаған халықаралық деңгейдегі басқосулар Қарағанды облысының осал еместігін бірнеше рет паш етті. Бар байлығымыз бен инвесторларға жасалған жағдайдың жай-жапсарын жайып салған басқосулар да бүгінде өз жемісін бере бастады.  Дүние жүзінің инвесторлары бұл өңірдегі климатты жіті зерттеп, ел игілігін еселейтін жобаларға инвестиция салуда. Ол болса, экономикаға өз әсерін тигізері және хақ.
«Сарыарқа ӘКК ҰК» АҚ-мен Ислам даму банкімен ынтымақтастығы биылғы жылдың наурыз айында басталған-ды. Онда аталған банк делегациясын  банктің еларалық департаментінің директоры Мұхамед Жамал Әл-Саати мырза бастап келген-ді.
Сонда мәртебелі мейман «Сарыарқа» ӘКК мен «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының инвестиция тартудағы белсенді жұмысын да айрықша атап өткен болатын.  Мұхамед Жамал Әл-Саати мырза Ислам Даму Банкінің Қарағанды облысына ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, көлік, инфрақұрылым, энергетика, шағын және орта бизнес сияқты салаларда қолдау көрсететіндігін жеткізген еді.
«Сәуірде шағын және орта бизнесті қаржыландыруға арналған қордың жұмысын ілгерілету мақсатында бірқатар семинарлар өткізілді. Атап айтқанда, ислам қаражаттарының әлемде және Қазақстанда дамуына, банк қаражаттарының үдемелі-индустриалдық-инновациялық даму бағдарламаларына қолдау көрсету хақында, сондай-ақ, Ислам даму банкі тобының Қазақстандағы қызметіне қатысты шаралар жүргізілді», – дейді  «Сарыарқа ӘКК ҰК» АҚ-ы.
Жалпы, Ислам даму банкі елімізге инвестиция салуға ынталы екен. Мұхамед Жамал Әл-Саати сол келген сапарында Қазақстанның Орта Азияда көшбасшы ел екенін ерекше атаған болатын. Сондықтан да, Алматыда Ислам даму банкінің аймақтық кеңсесі ашылған-ды. Бұл кеңсемен ынтымақтастық ӘКК үшін маңызды және келешегі зор жобаларды жүзеге асыруға ықпал етпек. Ол жобалардың қатарында азық-түлік қауіпсіздігі, мал шаруашылығын дамытуға және өсімдік шаруашылығын өркендетуге, көліктік инфрақұрылымның тынысын кеңейтуге  арналған жобалар бар. Ал, Қарағандыдағы шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру және кеңестік қызмет көрсету үшін бірлескен Қаржыландыру қорын құру ұсынылды.
Ислам даму банкі өкілдерімен ақпан-наурыз аралығында қалыптасқан қарым-қатынасты нығайту үшін облыс басшылары бастаған делегация Ислам даму банкінің Джидда қаласындағы штаб-пәтеріне барып қайтты. Келіссөздер Қарағанды облысындағы әлеуметтк маңызы зор жобаларға инвестиция тарту бағытында өрбіген еді. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті қаржыландыру қорының қызметін ұйымдастыру бойынша мәселелер талқылануда.
Еске сала кетейік,  Ислам даму банкі 1975 жылы құрылған. Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді дамытудың мемлекетаралық институты ретінде ИДБ 10 жылдан аса уақыт бойы ең жоғары ААА (zero-risk) кредиттік рейтингісін ұстап келеді және өзінің барлық қаржылық-инвестициялық қызметін ИЫҰ мүше елдер мен мұсылман қоғамдарын шариғат талаптары негізінде әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағыттауда.
Äåðåê

Қарағанды облысының инвестициялық портфелі 5 млрд. долларға жуық сомадағы 140 жобаны қамтиды. Аймақта марганец, вольфрам, молибден, қорғасын, мыс, көмір, құрылыс индустриясы үшін кендік емес шикізатқа тұнып тұр. Бұларда 758 млрд. АҚШ долларын құрайтын қазына бар.
Сырт ел не дейді?
Уфе Браунсдорф, Isoplus Central Asia басқарма директоры:
 - Біздің компания оқшаулан­ған құбырлар өндірісімен шұғыл­данады. Бүгінде еуропада жеті зауытымыз бар. Қазақстаннан басқа Бразилияда зауыт салуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, 9 еншілес жабдықтаушы компаниямыз бар. Қазіргі таңда тасымалдау қиындығына байланысты Қазақстанда  зауыт тұрғызу қажеттілігі туындады. Менің ұсынысым арқылы, акционерлерімізбен кеңесе отырып, ол зауыт құрылысы маған жүктелді.  Шыны керек, біз үшін инфрақұрылым маңызды мәнге ие. Сондықтан,  ол зауытты Қарағандыда салуды жөн деп таптық. Өйткені, Қарағанды қаласы мен облысы біздің барлық талаптарымызға толықтай жауап береді.
Қарағанды – қарқынды дамыған қала. Сондай-ақ, Астанаға жақын орналасқан. Өнеркәсіпті орнықтыру  үшін еркін экономикалық аймақты иеленіп отырған қала деп білеміз. Осы өңірден білікті мамандар табамыз деген сенімдеміз . Зауыт үш кезеңмен салынады. Бірінші кезеңі басталды. Қалған екі кезеңі де кезек күттірмейді деген үміттеміз. Біз «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағына инвестиция салып отырмыз.

Жыл сайын аймаққа құйылатын инвестиция көлемі 20 пайызға артып отыр. Соңғы он  жылдың ішінде бұл инвестициялардың көлемі 8 млрд.долларды құрады. Сонымен қатар, шетелдік инвесторларды  «Сарыарқа» еркін экономикалық аймақтың ашылуы да қызықтырары сөзсіз. Бүгінде бұл экономикалық зонаға бюджет қаржысына, дәлірек айтқанда, 150 млн. АҚШ долларына инфрақұрылым жүйесі жасалды.  53 резидент тіркелді.  14-і шетелдік инвесторлар. Бүтіндей алғанда,  ЕЭА қатысушыларының инвестициялық портфелі 2 млрд. долларды құрайды. Оның 880 млн. доллары – бұл тікелей шетелдік инвестиция. ЕЭА-ғы жобалар металлургия, құрылысиндустрия, машинақұрылыс саласы бойынша.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 649
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px