Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.01.2018

2015 жылдың желтоқсанындағы мәліметтер бойынша «OTAU TV»ұлттық жерсеріктіктелевизиясы абоненттерінің саны 1000 000 үй шаруашылығынан асты деп хабарлайды Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ-ның өкілдері. Бұл – 4 миллионнан астам қазақстандық цифрлық сапада отандық және шетелдік телеарналарды тамашалауда деген сөз. Оның ішінде,6 пайызы (58 500 абонент) Қарағанды облысының үлесінде.

Жерсеріктік телевизияны енгізген алғашқы жылдары «OTAU TV», әсіресе, ауыл тұрғындарының арасында ерекше сұранысқа ие болды. Абоненттердің жалпы санындағы олардың үлесі 2011-2012 жылдары шамамен 90 пайызды құрады. Өйткені, қалаларда кәбілдік және эфирлік аналогты телехабар тарату желілері жақсы дамыған, ал ауыл тұрғындары ол кезде әрі кетсе, қазақстандық 4 арнаны ғана тамашалай алатын. Осыған байланысты жобаның мақсаты – қала мен ауыл тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендету болды. Ал, енді, бұл мақсат орындалған соң «OTAU TV»қала тұрғындарының арасында да танымалдыққа ие бола бастады. Мәселен, 2011 жылмен салыстырғанда, қалалық абоненттер үлесі 10 пайыздан 36 пайызға дейін өскен. Ұлттық жерсеріктік телевизияның өзге операторлармен салыстырғандағы басты артықшылықтары – телебағдарламалардың тегін топтамасы мен желіге республикамыздың кез келген нүктесінен қосылу мүмкіндігі.

Қазақстанда жерсеріктік телевизия 2002 жылы «Кателко+» сауда белгісімен қосылған болатын. Ал, 2011 жылдың қаңтар айында Қазақстанның жерсеріктік желісі хабар таратудың DVB-S2, MPEG-4 цифрлық стандартына көшіп, «OTAU TV» деген сауда белгісімен іске қосылды. Желінің ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Жаңа стандартқа көшкен кезде абоненттер саны 6300 болса, содан бері бұл көрсеткіш қарқынды түрде өсіп, 5 жылға жетпейтін уақыт ішінде 1 млн. үй шаруашылығынан асты. Жоба халыққа алғаш рет отандық телерадиоарналарды кескін мен дыбыстың заманауи цифрлық сапасымен тамашалауға мүмкіндік берді.Айта кетерлік жайт, желі іске қосылғалы бері тегін топтамадағы арналар саны 38 теле-, және 7 радиоарнадан 40 теле-, және 14 радиоарнаға дейін, ал ақылы топтамадағы телерадиоарналар саны 100-ден асты!

Осындай қысқа мерзім ішінде «Қазтелерадио» АҚ бұдан басқа да бірқатар міндеттерді атқарып тастады. 2012 жылдың шілдесінде де Мемлекет басшысының қатысуымен цифрлық эфирлік телевизияны енгізу жөніндегі жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда республика халқының 72 пайызы цифрлық эфирлік телевизияға қолжетімділікке ие, ал бұл – 12 миллион қазақстандық. Айта кетерлік жайт, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында цифрлық эфирлік телевизиямен қамту халықтың 95 пайызына жетті. Соған байланысты 2016 жылдың І тоқсанында аталған аймақтарда ескірген аналогты телехабар тарату желісін өшіру жоспарланған.

2014 жылдың шілде айында Индустрияландыру күні аясында Елбасының қатысуымен «Қазтелерадио» АҚ «GALAM TV» ұлттық интернет-хабар тарату» және «Телегазет» атты екі инновациялық жобаның тұсауын кесті.

Ұлттық жерсеріктік телевизия клиенттеріне ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ, бәсекелестік орта құру мақсатында қабылдау жабдықтары жиынтықтарынжеткізу, құрастыру және қызмет көрсетуді шағын және орта бизнес субъектілерінен тұратын дилерлік ұйымдар қамтамасыз етуде, олардың саны қазір 350-ден асты. Халықпен және дилерлермен тиімді жұмыс істеу мақсатында Ақпараттық қолдау көрсету қызметі (Call-centre) 193 телефоны арқылы үзіліссіз, мереке және демалыскүндерінсіз жұмыс істейді. Сонымен қатар, барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында Дилерлермен және халықпен жұмыс орталықтарының жұмысы жолға қойылған.

«Қазтелерадио» АҚ өз абоненттерін түрлі акция, ұтыс ойындарымен үнемі қуантып тұрады. Нәтижесінде тұрғындар «OTAU TV»-ден түрлі бағалы жүлделер мен сыйлықтарға ие болып жатады. Мәселен, 2015 жылдың 1 қазанынан жаңа акция басталды: «Толық» ақылы арналар топтамасына 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге қосылған барлық абоненттер бағалы жүлделер ұтыс ойынына қатысады! Бас жүлде – автокөлік! Акция шарты бойынша 2015 жылдың 1 қазаны мен 2016 жылдың 30 маусымы аралығында барлығы жүлделердің 3 жиынтығы ұтысқа түседі. Әрбір үш ай сайын қорытынды шығарылып, жеңімпаздар анықталады. Автокөліктен өзге, Гоа аралына жолдама, SmartTV, iPhone 6 секілді және тағы басқа бағалы сыйлықтар бәйгеге тігілген.

 

«Қазтелерадио» АҚ

Қарағанды облыстық

филиалы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 433
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px