Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.01.2018

Үздік тауар өндірушілер  топ жарды

Қарағандыда үздік тауар өндірушілер анықталды. Индустрияландыру апталығының қою нүктесін қойған бәйгеге аймақтың 65 кәсіпорны бәсекеге түсті. Өнім берушілердің өзара  сынға түсуі –  бұл бірінші емес. Дәстүрге айналған байқау биыл тағы да үздіктердің қатарын толықтырды.
Дәлірек айтқанда, «Қазақстан­ның үздік тауары» байқауы сенбі күнбі өңірде бәсекеге қабілетті өнім өндірушілердің аз еместігін көрсетті.  Байқауды ұйымдастырушы – облыс әкімдігі мен облыстың өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, техникалық реттеу және мет­рология комитетінің департаменті.
Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, аймақта, бүтін Қазақстанда Елбасының тікелей тапсырмасымен үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының  жүзеге асып отырғанын тілге тиек етіп, сол арқылы экономиканы әртараптандырудың белсенді атқарылуда екеніне тоқталды. Соның бір дәлелі – Қарағанды облысынан Индустрияландыру картасына 80 инвестициялық жобаның енуі. Ол жобалардың жалпы құны – 500 млрд.теңге көлемінде.
– Бағдарламаның жүзеге асуы –  мемлекеттік органдар жұмысындағы негізгі бағыттың бірі. Сонымен қатар,  жұмыстың табысты болуы – кәсіпкерлердің ынтасы мен белсенділігіне де тікелей байланысты. Ал, бүгінгі байқау – кәсіпкерлердің экономиканы дамытудағы зор мүмкіндіктерінің бір парасы іспеттес, – деді аймақ басшысы.
Байқау үш аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады. «Өндірістік мақсаттағы үздік тау­арлар», «Тұрғындарға арналған үздік тау­арлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Өндірістік  мақсаттағы тауарлар аталымына 40 өнеркәсіп қатысып, онда үшеуі үздік танылды. Атап айтқанда, «Шұбаркөл көмір» АҚ, (І дәрежелі диплом), «КЗМК-Имсталькон» ЖШС (ІІ дәрежелі диплом), «Қазтехфильтр» ЖШС (ІІІ дәрежелі диплом). «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымына қатысқан 15 кәсіпорынның арасынан оқ бойы оза шыққандар қатарында «№1 Экспериментальды зауыты» ЖШС, «Азия Тех» ЖШС, «Авто Б.А.Н.» ЖШС бар.
«Үздік азық-түлік тауарлары» деп танылғандар «BAYAN» ЖШС, «Ақ тамақ» ЖШС, «Калиев» ЖК. Бұл аталымға түскен  өнеркәсіптер саны – 10. Бұдан бөлек, облыс әкімінің арнайы сыйлығына «Борусан Макина Казахстан» ЖК қол жеткізді. Кәсіпорынға аталмыш сыйлық өнімнің жоғары сапалылығы және өндірісті жетілдіргені үшін берілді. Конкурстың жеңімпаздары енді жыл соңына қарай  республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқауында бақ сынайды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 515
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px