Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Халық үні

Материалдар категориясында: 22
Көрсетілген материалдар: 1-10
Беттер: 1 2 3 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
14.07.2016

Әуелі он сегіз мың ғаламды жоқтан барға келтірген құдіреті күшті Алла тағалаға сансыз мадақ болсын!

 пікірлер: 0
 оқылған: 6748
14.07.2016

Алла Тағаланың өзі жаратқан пенделеріне міндеттеген әрі алдына қайта оралғанда қояр бірінші сауалы – намаз екен. Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед м.с.а Миғражға көтеріліп, Иесінің дәргейіне барғанда үмбетіне алған сыйы күніне елу рәкат намаз болыпты. Діни аңыз бойынша Мұса пайғамбар мен Иса пайғамбардың үмбетіңе ауыр болар деуімен Жаратушының алдына қайталап тоғыз мәрте кірген Пайғамбарымыз осы бес уақ намазға тоқтаған. Әуелгі елуден бесеуі қалыпты. Қазақ баласы үшін қалған қырық бесі Абай атамның қара сөзінде тұрса керек. Күніне бес уақыт Иесіне құлшылық ұрған пенденің күнәсі кеміп, ырзығы артары сөзсіз. Ал осы намаздың ішінде бесін намазының алар орны ерекше болса керек. Өйткені, Пайғамбарымыз аптасына бір рет үмбеттерінің басы қосылып мешітте жұма намазын көпшілікпен өтеуді өсиет еткен. Және жамағатпен оқыған намаздың сауабы жиырма жеті есе артық болар. Жұма намазын жамағатпен өткеру үшін арнайы таза орын, яғни, мешіт болуы шарт. Құран оқылмайтын үй, немесе азан шақырылмаған ауылдың берекесі қайдан кірер?! Мешітіміз болса ауылымыздың ынтымағы артып, жастардың діни сауаты ашылып, жамандыққа бой ұрмас еді. Алла Тағалам «мешітке кіргенде ішіндегі пендеге емес, менің жердегі үйіме кіресің» деген. Мешіт Алланың үйі болуы себепті оның есігі кімге де болсын ашық. Тарыққан жолаушыға пана болар, қиналған мұсылманның жүрегіне үміт отын жағар, мүсәпірге қолын созар бірден-бір орын. Әрі жұма сайын құтпа соңынан жергілікті туындаған мәселелерді ақылдасып шешіп отыратын, ақсақалдардың жастарға ақыл айтар, әдептілікке шақырар ортасы болар еді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 6775
30.06.2016

Жас ұлғайған сайын кәрілік те аяққа тұсау болып, адам ауруға шалдыққыш келеді екен. Жасым сексеннен аса бере басым айналып, түрлі дертке ұшырадым. Аяқтан жүруден қалдым. Төсекке таңылдым. Қан қысымым бірде көтеріліп, бірде төмендеп кететін болды. Үй ішінің жедел жәрдемді шақыруы алғашқы кезде жиілеп кетті. Дегенмен, дәрігерлердің үлкен көмегі болды. Қалалық №5 емхананың учаскелік дәрігері Ләззат Есенжолқызы, невропатолог Бану Мақсұтқызымен кеңесе отырып, менің ауруымның емін тапқандай болды.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1086
28.01.2016

«Орталық Қазақстан» газетінің оқырманына айналғаныма 40 жылға жуықтапты. Қарағандыға келісімен бірден осы газетке жазылдым.

 пікірлер: 0
 оқылған: 499
28.01.2016

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Мемлекеттік тіл – болашағым» атты облыстық байқау өткізді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 332
19.01.2016

Қасымның ауылынан «Алтын адам» тапқан белгілі археолог Арман Бейсенов ағамыз бір қызық дерек айтты. Сақ қорғандарын іздеп жүріп, Едірейге, Айрыққа, Қақабайдың қыстауына барса, ауылдың ақсақалдары қызық әңгіме айтып отыр екен...

 пікірлер: 0
 оқылған: 347
19.01.2016

Биылғы қыс баламызды сырғанаққа апарудың да ретін келтірмеген. Әсіресе, аумалы-төкпелі келетін Арқа қысының сыры мәлім – баршаңызға. Бірде – боран, бірде – жаңбыр. Әйтеуір, кенжеміздің бұйымтайын орындай алмай жүргенбіз.

 пікірлер: 0
 оқылған: 389
23.05.2015

Әділдік қайда, ағайын?!

Арман ӘЛМЕНБЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Редакциямызға шағым айтып, жалғыз басты ана келді. Құрылыста істеп жүріп мертіккен ұлының жайын айтты. Заң орындарынан қайыр болмаған соң, не істерін білмей, амалы таусыла бастапты...

 пікірлер: 0
 оқылған: 375
05.02.2015

«Сарыарқа»  сауға сұрайды
Ерсін МҰСАБЕКОВ,
«Орталық Қазақстан»

«Салиқалы саясат салтанат құрған қоғамда сауға сұрау қайдан болсын?!», – дерсіз, бәл­кім. Өкінішке орай, бар болып шықты. Жезқазған аймақтық «Сарыарқа» газетінің халі – мүшкіл. «Сарыарқа» қабыр­­ға газеті емес.

 пікірлер: 0
 оқылған: 704
29.01.2015

«Б.Жырау» – бұл қай жырау?
Мирас АСАН,
«Орталық Қазақстан»

«Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық... Баяғы жартас – бір жартас, Қаңқ етер, түкті байқа­мас.»
                                     (Абай).

 пікірлер: 0
 оқылған: 478
1-10 11-20 21-22

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1170
count 88x31px