Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Халық үні

Материалдар категориясында: 22
Көрсетілген материалдар: 11-20
Беттер: « 1 2 3 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
29.01.2015

СССР-дің елесі Қарағанды циркін кезіп жүр
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»

Келмеске кеткені былай тұрсын,  қарасы біржола батып, үні өшкен Кеңестер одағының құлағын шулатудан қашық едік. Бірақ сүйегіне әлдеқашан қына шыққан  одақ Қарағанды циркінің билетінде елес болып әлі жүр.

 пікірлер: 0
 оқылған: 514
09.12.2014

ТӘУЕЛСІЗДІК  КҮНІМЕН  ЖАҒАЛАСҚАН  ЖАСЫЛ  ШЫРША
Жұлдыз  ТОЙБЕК,
«Орталық Қазақстан»
Тағы да желтоқсан айы келді. Желтоқсан айы бастал­са, өткендегі өмір еске түсіп, жүрегім шымырлайды. Әсіресе, 1986 жылғы Алматыда өткен Желтоқсан көтерілісі менің жүрегімде мәңгіге қалды. Онда біз өрімдей жас едік. Еліміздің тәуелсіздігі үшін бұрынғы Л.Брежнев атындағы (қазіргі  Республика алаңы) алаңға шығып, атой салған едік. Үш күн бойы Желтоқсанның ызғарлы желіне бетімізді тостық. Ол көтерілістің болғанына да 28 жыл өтіпті...

 пікірлер: 0
 оқылған: 567
25.09.2014

Щербина көшесі   Ысқақов есімімен аталса!..
Ол – өзіміздің іргеміздегі Нұра ауданының Көкмөлдірінен. Қазақ әдебиетінің, соның ішінде балалар әдебиетін дамытуда өзінің қолтаңбасын қалдырған, ұлт қайраткері, өскелең ұрпаққа үлгі тұтар тұлғалардың бірі. Барлық ғұмырын ұлтының азаттығына арнады. Ол өзінің жеке бас бостандығын аңсамады, қазақ қандасы өз алдына жеке мемлекет болып еркіндікте өмір сүргенін қалады.

 пікірлер: 0
 оқылған: 759
19.08.2014

Жастардың санасына жетер болса...
Құрметті Мағауия мырза!
«Орталық Қазақстан» газетінің биылғы жылғы 9 тамыздағы нөмірінен Серік Ақсұңқарұлының қойын дәп­терінен жазылған «Ұлт пен Рух» айдары аясындағы «Қазақ интеллигенциясы етек-жеңін қашан жинар екен?..» деп еді Төлеуғазы Әбжанов көкем» атты жарияланымын оқып отырып, қатты тебірендім. Терең толғаныстан жанарыма жас та толып кетті.

 пікірлер: 0
 оқылған: 590
07.08.2014

Бізден де  бір үсыныс...
Жаңаарқа аудандық «Жаңаарқа» газетінің 21 маусым, 2014 жылғы №28 (9622) санында Ақтау ауылының атын Жолкен Дүйсеновтің атына беру туралы жарияланым жарық көрді. Оны оқи отырып, «Ақтау ауылының атын өзгерту керек болса, оған кешегі Ақтаудың іргетасын қаласып, еңбектің отын үрлеген, ауылдың атын алдыңғы қатарға шығару жолында аянбай тер төккен Социалистік Еңбек Ері Шәкең – Шалғынбай Ынтықбаев бар емес пе?» деген ойға қалдым.

 пікірлер: 0
 оқылған: 542
29.07.2014

Субсидиялауға салмақты сараптама қажет
Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің 3 шілде 2014 жылғы № 123-124 санында «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы» облыс әкімдігі қаулысының жобасы жарық көрді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 476
03.07.2014

Жарымжан жарнамалар
Жасанған жарымжан жарнамалар, қапта­ған қателер, олпы-солпы олқылықтар. Қарағандыдағы қазақ тілінің күйі – осы. Көшедегі «кереметтерге» толы жарнамалардың кемтар жазбаларынан көз сүрініп, көңіл құлазиды. Өкініштісі, олқылықтың бәрі ана тілімізге тиесілі. Орыс тіліндегісі – сауатты қалпы.

 пікірлер: 0
 оқылған: 763
01.07.2014

«Б.Жырау» – бұл қай жырау?
Қарағанды қаласын  аралап жүрген қонақ болса, өріп жүрген қатеден аяқ алып жүре алмас еді. Былығып жатқан сауатсыздықтан көз сүрінеді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 517
01.07.2014

«Маршрутное  телевидение» қазақша сөйлесе...
Елбасының биылғы Жолдауында мемлекеттік тілдің жарқын бола­шағы айқын айтылған. Сол тіліміздің қоғамдық орындарда әрқилы қолда­нылып жүргені жасырын емес. Тө­мендегі күнделікті өмірден алған мысалымыз соған  дәлел бола алады.

 пікірлер: 0
 оқылған: 565
05.06.2014

Сұлулыққа    қастандық
Арқа төріндегі қасиетті Қарқаралы табиғатының қайталанбас сұлулығын білмейтін адам кемде-кем. Бұл жер жәннатына саяхат жасаған адам қайта келуді аңсап тұратыны рас. Бірақ, бүгінгі таңда Қарқаралы тауларына жолыңыз түсіп шыға қалсаңыз, бұрынғыдай теңдессіз сұлулыққа тамсанудың орнына, оның бетіне түсірілген шимай-шатпақтарға көзіңіз сүрініп, парықсыз туристердің қылықтарына еріксіз қарның ашады.

 пікірлер: 0
 оқылған: 462
1-10 11-20 21-22

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1252
count 88x31px