Қадір түніндегі тебіреніс - Халық үні - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Әуелі он сегіз мың ғаламды жоқтан барға келтірген құдіреті күшті Алла тағалаға сансыз мадақ болсын!

Қадір түнінің қасиетін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Шын құлшылықтың сауабы адамды рухани жетістікке, жанның тазалығына жетелейді.

Жылына бір келер, отыз күн ораза ұстар Рамазан айының да қасиеттері ерекше. Бұл – құлшылық айы. Биыл Қарағандының орталық жаңа мешітінде Жүсіп, Рашит есімді екі қари келіп, тарауық намазында Құран-қатым түсірді. Көптеген адамдар көздеріне жас алып, Алладан тілек тіледі. Жамағаттың көптігі сонша, мешітке сыймағаны далаға кілем төсеп, енді бірі өз киімдерін жерге жайып, Жаратқанға құлшылық етті.

Осынау ұлық күнде қаланың телеарналары үнсіз қалды. Бұл өзіміздің қасиетті дінімізге қала әкімдігінің мән бермегенін көрсетпей ме? Өзімізді-өзіміз сыйламасақ, бізді кім адам қатарына санайды?!

 

Сатыпалды ҚЫЗЫРОВ,

зейнеткер.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2440
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px