Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.10.2018

«Б.Жырау» – бұл қай жырау?
Мирас АСАН,
«Орталық Қазақстан»

«Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық... Баяғы жартас – бір жартас, Қаңқ етер, түкті байқа­мас.»
                                     (Абай).
Қала басшылығы қайда қа­рап отыр? Мақаланы көку үшін емес, оқу үшін, одан белгілі бір қорытынды шығару үшін жазсақ керек-ті.
Барлығын ысырып қойып, мына өрескел қатені қайта қара­ңыз!
«Б.Жырау даңғылы 51/1».
«Қазагроқаржы» мекемесінің маңдайшасына баттитып тұрып шегелеген. Заманында «Көмекей әулие» атанып, Абылай ханның оң тізесін басқан кеңесшісі, әйгілі жырау – Бұқарекеңнің аруағынан ұялса нетті?
«Көмекей әулие» атындағы кө­шенің көлеңке жағы көзге сүйел боп тұр!
Басшылық «жаңа орынға жа­тырқап жүрген шығар» деп, өзі­мізді тағы жарты жыл сабырға шақырып бақтық. Нәтиже жоқ...
Мәселен, әйгілі патша Иван Грозныйдың есімін «И.Грозный» деп жазып қойсақ, қалай шамданар еді, қалай көзге қораш көрінер еді?! Тарихты білмейтін дүмбілездердің «Б.Жырауын» оқып жылауың керек. Белгілі заң талаптарына сәй­кес бекітілген көше атаулары жазылған тақ­тай­шаларды қатесіз басып, бір­ізділендіру тәртібін қатаң қада­ғалауға алу шарт. Төмендегі бір­қатар фотолар осы сөзімнің ай­қын дәлелі. Нысанның рет­тік нөмірі, әріптері, болмаса цифр­лары бытықы-шытықы. Бірізділік жоқ. Қаланың сәулетін, бабаның сәу­лесін көлегейлейтін мұндай со­рақы қателерден қашан айы­ға­мыз?!
Ұзын сөздің қысқасы – біздікі әкімнің есебі қарсаңындағы «есек дәме» болмаса игі еді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 578
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1251
count 88x31px