Бізге де мешіт керек - Халық үні - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Алла Тағаланың өзі жаратқан пенделеріне міндеттеген әрі алдына қайта оралғанда қояр бірінші сауалы – намаз екен. Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед м.с.а Миғражға көтеріліп, Иесінің дәргейіне барғанда үмбетіне алған сыйы күніне елу рәкат намаз болыпты. Діни аңыз бойынша Мұса пайғамбар мен Иса пайғамбардың үмбетіңе ауыр болар деуімен Жаратушының алдына қайталап тоғыз мәрте кірген Пайғамбарымыз осы бес уақ намазға тоқтаған. Әуелгі елуден бесеуі қалыпты. Қазақ баласы үшін қалған қырық бесі Абай атамның қара сөзінде тұрса керек. Күніне бес уақыт Иесіне құлшылық ұрған пенденің күнәсі кеміп, ырзығы артары сөзсіз. Ал осы намаздың ішінде бесін намазының алар орны ерекше болса керек. Өйткені, Пайғамбарымыз аптасына бір рет үмбеттерінің басы қосылып мешітте жұма намазын көпшілікпен өтеуді өсиет еткен. Және жамағатпен оқыған намаздың сауабы жиырма жеті есе артық болар. Жұма намазын жамағатпен өткеру үшін арнайы таза орын, яғни, мешіт болуы шарт. Құран оқылмайтын үй, немесе азан шақырылмаған ауылдың берекесі қайдан кірер?! Мешітіміз болса ауылымыздың ынтымағы артып, жастардың діни сауаты ашылып, жамандыққа бой ұрмас еді. Алла Тағалам «мешітке кіргенде ішіндегі пендеге емес, менің жердегі үйіме кіресің» деген. Мешіт Алланың үйі болуы себепті оның есігі кімге де болсын ашық. Тарыққан жолаушыға пана болар, қиналған мұсылманның жүрегіне үміт отын жағар, мүсәпірге қолын созар бірден-бір орын. Әрі жұма сайын құтпа соңынан жергілікті туындаған мәселелерді ақылдасып шешіп отыратын, ақсақалдардың жастарға ақыл айтар, әдептілікке шақырар ортасы болар еді.

Өзіміздің «Орталық Қазақстанда» жарық көрген Әлібек Бектұрұлының ұсынысын толығымен қостай отырып, өз ауылымның да ақсақалдарының өтінішін жеткізе кетсем деймін. Қаламен жапсар Пришахтинск (Аққұдық) ауылында үш шіркеу бар. Мұнда мешіт салу туралы мәселе талай көтеріліп жауыр болып, әлі шешімін таппай келеді. Жері болса қаражаты жоқ, қаражат табылса жері жоқ, екеуі де болса ниет болмай қиналған халық. Көпшілік қалауы көзіміздің көгінен қарасы көбейген кезде бізге де Аллаға құлшылық жасар орын болса екен. Жаратушы Ием «мен пендеме ниетін қалдырдым, басқасы менен» деген екен. Ауылымыздың үлкен-кішісінің осы бір тілек-ниеті төрде отырған бауырларымызға, кәсіпкерлерге ой-түрткі болса біздің тараптан көмек болары сөзсіз.

Жұмажан Нұртайұлы.

Қарағанды қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2443
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px