Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 13.11.2018

Қасымның ауылынан «Алтын адам» тапқан белгілі археолог Арман Бейсенов ағамыз бір қызық дерек айтты. Сақ қорғандарын іздеп жүріп, Едірейге, Айрыққа, Қақабайдың қыстауына барса, ауылдың ақсақалдары қызық әңгіме айтып отыр екен...

Қақабай өзі қыстап отырған қыстаудың желкесіндегі төбеге шығып, айғай салғанда қозыкөш жердегі жылқы қайырылады-мыс. Бес-алты шақырым жердегі жылқышыларына айтқан әмірі анық жете береді екен сонда.

Ащы айғай емес, әміршіл дауыс.

Енді, Мәдиді алып қараңыз.

Алты қырдың астындағы ауылға дауысы талмай жете береді. Асқақ үн.

Қақабай мен Мәди – Қаздауысты Қазыбек бидің ұрпағы. Дауысы өткір, жеріне жеткізіп айтатын ділмар, шешеннің жұрағаттары.

Екеуіне де Құдай зор дауыс берді.

Мәселе – Алла берген талантты кім қайда жұмсайды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 522
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1260
count 88x31px