Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 13.11.2018

«Орталық Қазақстан» газетінің оқырманына айналғаныма 40 жылға жуықтапты. Қарағандыға келісімен бірден осы газетке жазылдым.

Қатарластарымыздың көпшілігі­нің әкесі Ұлы Отан соғысынан қайтпады. Бар ауыртпалықты көтерген аналарымызға екі айтқызбадық. Біл­мегенімізді кітап арқылы оқып, та­ныдық. Сол арқылы газет-журналды оқуға дағдыландық.

Жұмыс істегеннен бастап, мамандығыма байланысты барлық газет-жорналдарды оқу әдетке айналды. Апам (хат танымайтын) газеттен Ұлы Отан соғысы кезіндегі жерлестеріміздің ерлігі туралы мақалаларды оқытады. Тылдағылардың соғыс кезіндегі көмегін, қиыншылығын, мүгедек болып оралғандар, жесір әйел, жетім баланың мұңын оқытып қоятын.

Қоғамдық жұмыстың ортасында жүріп «Лениншіл жас», «Балқаш өңірі», «Арқа еңбеккері» газеттеріне түрлі тақырыптарда қалам тербеп жүрдім. «Орталыққа» хабарласқанымда Серік Сексен, Тілеуқабыл Байтұрсын, марқұм Ермағанбет Лұқпан бірден дауысымнан танушы еді. «Орталық Қазақстанның» алған орденін, сыйлығын да дер кезінде оқып, көріп келе жатқан жанмын. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын да асықпай оқып аламыз. Бүгінгі күннің тыныс-тіршілігін «Орталық Қазақстаннан» оқимыз. Облыс аумағындағы игі істер, қазақи дәстүрлер, құнды жәдігерлер, шетелден жеткен сүйінші хабарлар, ашылып жатқан ескерткіш тақталардың өзі біз үшін баға жетпес құндылық.

Ақтоғайдың тумасы, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО бойынша аталып өтеді деген сүйінші хабардың өзі – қол жетіп, орындалған арман.

Сый, құрметке лайықты газет таралымын 17 мың данадан асы­рып отырған шығармашылық ұжымға алғыс білдіремін. «Орталық Қазақстан» арқылы көп нәрседен хабардар екенімді мақтан етемін.

Манат ӘБЕНОВА,

ардагер ұстаз.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 658
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1260
count 88x31px