Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Хат-хабар

Материалдар категориясында: 120
Көрсетілген материалдар: 111-120
Беттер: « 1 2 ... 10 11 12

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
30.06.2012
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген да­на халқымыз. Мен бүгін Бұқар жыраулықтар атынан ел мен жер тарихына терең бойлаған азамат, Қарағанды облысының төтенше жағдайлар жұмысы жөніндегі басқарма бастығы Жұмамәді Ибаділдин ағамызға ризашы­лы­ғымызды сүйікті «Орталық Қа­зақстан» газетіміз арқылы жет­кізіп отырмын.
 пікірлер: 0
 оқылған: 719
30.06.2012
«Егемен Қазақстан» газетінің 21 сәуірдегі  №172-177 санынан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, һас батыр Тоқтар Әубәкіровтің «Елбасы төңірегіне топтасайық!» атты саяси мәлімдемесін оқып, «Ештен кеш жақсы» демекші, тұғырлы тұлғаның сарабдал шешім жасағанына қатты қуандық.
 пікірлер: 0
 оқылған: 595
22.05.2012

Нұра ауданы, Кертінді аулының (бұрынғы «Казгородок») қазақ орта мектебін 1972 жылы бітірген түлектері мектеп бітіргендеріне 40 жыл толуына орай кездесу кешін ұйымдастыруға ниет танытып отыр. Өмірдің сан тарау соқпағымен жан-жақта жүрген аяулы достарды сағынышымызды басар салиқалы кешке шақырамыз.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1486
22.05.2012

Нұра ауданы, Кертінді аулының (бұрынғы «Казгородок») қазақ орта мектебін 1972 жылы бітірген түлектері мектеп бітіргендеріне 40 жыл толуына орай кездесу кешін ұйымдастыруға ниет танытып отыр. Өмірдің сан тарау соқпағымен жан-жақта жүрген аяулы достарды сағынышымызды басар салиқалы кешке шақырамыз.

 пікірлер: 0
 оқылған: 648
29.04.2012
«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, әрбір жанның ең қызыққа толы шағы – балалық шақ. Қазіргі таңда ананың аялы алақанын сезінбеген жетім балалар баршылық. Сол балалардың балалық шағың күннің нұрына толтыру мақсатымен, ҚарМТУ-нің 1 курс студенттері, оның ішінде «Қазақстан студенттер Альянсы» және «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қаламыздағы «Құлыншақ» жетімдер үйіне сапар шекті.
 пікірлер: 0
 оқылған: 686
21.04.2012
Жақында Жезқазған қаласындағы «Керуен» тойханасында Кенжемұрат-Әсем есімді туыстарымыздың Ернар деген ұлы үйленіп, тойына қатысып қайттық. Меруерт есімді үріп ауызға салғандай тамаша келін түсірді. Той дүркіреп өтті. Үйлену болсын, мерейтой болсын, тойлардың тала­йын көріп жүрміз ғой. Бірақ, мына той басқа тойлардан ерекше болды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1181
31.03.2012

«Әбенованың кезегі – 102-ші»

Газетіміздің 2012 жылғы 16 ақпандағы №27-28 санында Шет ауданы, Ақадыр кен­тінің тұрғыны, ІІ-топтағы мүгедек Назгүл Әбенованың «Төбедегілер» төмендегіні қа­шан көреді?» атты жанайқайы жарияланған бо­латын. Хат авторы көтерген мәселеге жергілікті билік өкілдері бей-жай қарамапты. Жанайқай жария болған күннен көп кешікпей, Ақадыр кентінің әкімі А.Бидайбеков мырза қол қойған жауап келіп үлгерді редакциямызға. Дәйекті дәлелдер мен заң шеңберіндегі мүмкіндіктер баяндалған хат мазмұны төмендегідей:

«Хат иесі Н.Әбенова мемлекет тарапынан үй алатындар кезегіне өз өтініші бойынша 2011 жыл­дың 24 ақпанында алынған. Бүгінгі таңда кезекте 102-ші болып тұр.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1575
31.03.2012

Менің немерем – Гүлнұр Жантапина жүрек кеселіне шалдығып, отба­сымыздың үрейін туғызды. Берекеміз қашты. Өмірге енді ғана қадам басқан кіп-кішкене бүлдіршіннің жағдайын ойлап қатты уайымдаған едік. Қазір, Аллаға шүкір, бірінші Жаратқанның ықыласымен, екінші ақ халатты абзал жандардың еңбегімен немерем өмірге қайта келіп, көңілдегі күдігіміз сейілді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 669
31.03.2012
«Орталық Қазақстан» басылымының жуырдағы сандарының бірінен газет тілшісі Жәнібек Әлиманның «Құйрығы жоқ, жалы жоқ – Құлан қайтіп күн көрер?» атты мақаласын оқып, жас қаламгердің ойына ой қосу мақсатымен қолыма қалам алдым.
 пікірлер: 0
 оқылған: 697
31.03.2012

Қазіргі таңда оқылатын пәндер балалардың болашақтағы таң­дайтын мамандығына қарай ба­ғытталуы, яғни, мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударатыны бар­шамызға белгілі. Әрбір мектеп оқушы қабілетіне орай түр­лі бағытта білім беру жүйесін ұйым­дастырып, оң нәтижелерге қол жет­кізу үстінде. Қаражал қаласында елі­міздің білім беру жүйесіндегі осы бір тың реформаны алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетіп, қысқа мерзімде жүзеге асырған білім ор­дасы – №1 қазақ орта мектебі. Жа­ңа жүйені оқу бағдарламасына ен­гізуде қаланың білім, спорт және де­не тәрбиесі бөлімінің бастығы Ма­хаббат Сағымбаеваның еңбегі ерен болғанын атап өткен жөн. Іскер ұйымдастырушының баянды бас­тамасы мектеп басшысы Талғат Қа­сымовтың тарапынан да қызу қол­дау тапты.

 пікірлер: 0
 оқылған: 872
1-10 11-20 ... 91-100 101-110 111-120

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1245
count 88x31px