Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.01.2018

Қамқорлық көрсетті
 «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген ұлы Абайдың даналық сөзі айналасы жақсылыққа толы адамдарға арнап айтылғандай. Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен және қамқорынсыз қалған отбасы балаларына көрсетіліп жатқан көмек аз емес.
С.Сейфуллин атындағы  №7 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен педагогтары әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін мереке сыйлықтарын алуды жоспарлаған еді. Осыған орай, «Нұрсая» жекеменшік тойханасының иесі Бейсентай Жұмабаев пен «Кіші тау» дүкенінің  иесі Әсел Дубекова, сондай-ақ, мектеп қызметкерлері Назима Қалиева мен Ләззат Бабашева балаларға үлкен көмек көрсетті. Мектеп оқушылары өздеріне көрсетілген ізгілікті іске аса риза болды. Жүздерінен қуаныштың лебі есті.  
Қолұшын созып, қайырымдылық жасау, көмек күткен әр адамның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге көзқарасын өзгерту – барлық азаматтың борышы. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демекші, жүрегі мейірімге  толы жандар қатары көбейе берсе екен.
Риза ЕРУБАЕВА.
БАЛҚАШ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 355
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px