Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.01.2018

Ауылға
ауадай қажет
Кеншоқы ауылында білім-ғылым, өнермен қатар, спортқа бейім ұл-қыздар өсіп келеді. Ауылдағы мектеп оқушыларының спорттағы, күрестегі жетістіктерін ауыз толтырып айтуға болады.
Күрес үйірмесіне бұл күні ауылдың жиырмадан астам баласы қатысып жүр. Үйірме жұмысы аптасына үш рет мектеп қабырғасында жүргізіледі. Оның өзінде, кешкі уақытта. Себебі, ауылда күрес үйірмесін, жаттығу жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы ғимарат жоқ.
Осы хат арқылы біз, Кеншоқы ауылының бір топ тұрғындары, аудан басшылығынан спорттық үйірмелерді жүргізуге қажетті ғимарат мәселесін шешіп беруді сұраймыз. Спорттық нысан – ауылға ауадай қажет-ақ!
Мәселен, ауылдағы бұрынғы интернаттың қабырғасы қаңырап бос тұр. Осы нысанды спорттық үйірмені жүргізетін орталық етіп жабдықтау қажет. Жөндеу жұмыстарын іске асыру үшін демеушілік көрсететін азаматтар да әзір.
«Болам деген баланың бетін қақпай, белін буайық»!
Мейрам ЖҰМАТАЕВ.

ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 393
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px