Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 13.11.2018

Елдос, елге қайт!
Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Ал, адам денінің сау болуы ақ халатты абзал жандарға да байланысты. Аса үлкен жауапкершілікті арқалаған, алда-жалда де­не мү­шеміз зардап шексе, іскерлік танытып, ел қа­тарлы шапқылап кетуімізге көмегін тигізетін – Елдос Мусин есімді оташы азамат бар еді. Әттегені, жүрегі мейірімді, қолы шипалы жан Қарағанды қаласына көшіп кетіпті.    
Бану НҰРҒАЛИЕВА, Қа­рағайлы кентінің тұрғыны, зейнеткер:
– Елдос алдына барған үл­кенге де, кішіге де бір кісідей қарайды. 2008 жылдың 19 сәуірінде балам – Асқар Бал­кеновтің бетін ара тіліп кеткен болатын. Сол сәтте ота жасап, ауыр жарақат алған баламды өлім аузынан алып қалған осы Елдос еді. Кейін жарақат алған баламызды жедел-жәрдеммен облыс ор­талығына жеткізгенімізде, Қа­рағандының дәрігерлері Елдос жасаған отаның сәтті шыққанын айтты.
Бірде өзіміз сенім артқан Елдосты қызмет орнына із­деп барсақ, оның жұмыстан шығып кеткенін естідік. Се­бебін біле алмадық.
Құрметті редакция!
Сіздерге жолдап отырған осы хатымыз арқылы, Елдос Мусиннен өзінің бұрынғы қызметіне қайтып келуін сұ­раймыз!

Нұрбану РАИМБЕКОВА,
Қарқаралы қаласының тұрғыны.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 518
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1260
count 88x31px