Мәңгілік Ел болайық! - Хат-хабар - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Мәңгілік Ел болайық!
Құрметті редакция!   

Мен – «Орталық Қазақстан» газетінің тұрақты оқырманы әрі жанашырының бірімін. Бұл газетте қызмет ететін жандар – ұлт жанашырлары. Дәл солай. Оқырман ретінде өзім осы басылымға дән ризамын. Қарапайым халықтың мұң-мұқтажын түгендейтін, көмек қолын созатын, ақыл-кеңес беретін бірден-бір басылым десем артық айтқандық емес.
Әлі де болса кейбір адасып жүрген жандарға жол сілтеп, жөн көрсетсе, тіпті, құба-құп болар еді. Әсіресе, жастарға ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрді дәріптеп, ел алдында жүрген сыйлы да қадірлі азаматтарды, олардың игілікті істерін көпке үлгі етіп жиірек баспасөзде жариялап отырса жөн болар еді.
Сондай жанның бірі – менің досым, ол өзі жайлы көп айтқанды ұнатпайды, көзге түскісі келмейді, өзінің сабырлы, ұстамды, мінезінен бір айнымайды. Маған оның адамгершілігі, байсалдылығы, досқа адалдығы, маңғаздығы ұнайды.
Осындай досы бар адам өзін бақытты, әрі сол досына лайықты жан екендігін мақтан еткісі келеді. Достық жас талғамайды, шен таңдамайды. Менің жасым біразға келіп қалса да сол достыққа әлі де шын сенемін, әрі сеземін.
Бәз біреулер әйелдер арасында шын достық болмайды деп айтады. Өз басым оған келіспеймін.
Қазіргі жастар арасында осы шынайы достық жоқ сияқты көрінеді маған. Қоғамды ақша билеген заманда жастарымыз адаспаса екен, адами қасиеттерін жоғалтпаса екен деймін. Ақшадан арын жоғары қоя білсе екен деймін! Оның ішінде, мен қазақ жастарына сенемін, қазақи тәрбие алған жастар ешқашан жамандыққа бармайды деп сенемін!
Егемендікті сақтай білейік, қорғай білейік, Алаш елі мәңгі жасасын! Қазағым, халқым аман болсын! Мәңгілік Ел болайық! Әумин!
Қазкен САДЫҚҚЫЗЫ.
БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 390
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px