Жазықсыз жәбірленген едім - Хат-хабар - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Мен қызметте дұрыс жүріп, турасын айтамын деп, жалған шағым-арыз жазылып, жазықсыздан-жазықсыз жәбірленген болатынмын.

Шет аудандық №2 сотына С.Сейфуллин атындағы Ақадыр кенттік кітапханасының кітапханашысы Қ.Жаңылған мен балалар кітапханасының библиографы, не деген бассыздық екенін білмеймін (2 кітапхана бір жерде орналасқаны болмаса, жұмыс тәртібі өзгеше деп) менің үстімнен мүгедектігіме қарамай, негізсіз жалған шағым арыз жазған болатын. Шет аудандық №2 соты да ешқандай дәлелденбеген, негізсіз қаулы шығарып, жәбірленген болатынмын. 1 жыл болды, құқығымды қорғап алу үшін бас прокуратураға, облыстық прокуратураға, облыстық ішкі істер департаментіне әділдік іздеп шағымдандым. Облыстық прокуратура жергілікті жердің прокуратурасына қайта барып жолығыңыз деген соң Шет ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Т.Рымбаев мырзаға 3 рет шағымданып бардым. Прокурор мырза лауазымды қызметінің атына сай (әділет кеңесшісі) қызмет атқарады екен. Ол «шағым арызыңызды әбден қарап, тергеу-тексеріс амалдарын жасаймыз» деді. Әбден тергеу жұмыстарын жүргізіп, «сіз жәбірленуші ретінде танылдыңыз, сіздің құқығыңыз қорғалды» деп қаулы шығарды.

Прокурор мырзаға мен сияқты негізсіз жәбірленген адамдардың көңіліне қаяу түсірмей әділдік жолында күресе беріңіз деген тілегімді білдіремін. Сонымен қатар, аудан прокурорының көмекшісі Е.Искаковқа да шексіз ризашылығымды білдіремін.

Боранкүл БӘКІРОВА.

ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2431
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px