Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Әлеумет

Материалдар категориясында: 4255
Көрсетілген материалдар: 4221-4230
Беттер: « 1 2 ... 421 422 423 424 425 426 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
24.04.2012
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бабадан мирас болып қалған «Бірлік болмай – береке болмас» қағидаты мемлекет саясатының берік қазығына айналған елде атаулы мереке ежелден аталып өтуде. Мейрам қарсаңында облыс әкімі Ә.Құсайынов аймақтағы этно-мәдени бірлестіктер басшыларының басын қосып, ертеңгі күнге жаңа міндеттер жүктеді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1615
24.04.2012
Бұл қанды оқиға 21 сәуір күні Октябрь ауданы, Майқұдық тұрғын аймағындағы пәтерлердің бірінде орын алған. Небары екі апталық сәбидің өліміне кінәлі қылмыскер тұзақталды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 555
24.04.2012
19 сәуір күні Қарағанды қаласы Майқұдық тұрғын аймағындағы мектептердің бірінде сабақ тоқтатылып, барша жұрт әбігерге түсті. Себеп – әлдекім «мектепке жарылғыш зат қойылды» деген шұғыл ақпарат берген.
 пікірлер: 0
 оқылған: 626
24.04.2012


«Дипломмен ауылға» бағдар­ламасы қазақ елінің қазығы бол­ған ауыл үшін де, жастар үшін де тиімді ұсыныс болғаны анық. Бұл шара мемлекеттің ауылды қолдауға бағытталған бұрынғы іс-қимылдарынан өзгеше маңызға ие. Өйткені, жоба сәтімен жүзеге асатын болса, одан тек ауыл ғана емес, мемлекеттің де, ұлты­мыздың да ұтары көп.

 пікірлер: 0
 оқылған: 828
24.04.2012
Сәтбаев қаласында бағаны тұрақтандыру бағытын­дағы шаралар табысты жүзеге асуда. Осы орайда, қала әкімі Батырлан Ахметовтің тыңғылықты бақы­лауын­дағы жұмыстың бірі – жәрмеңкенің жұлдызы жанып тұр.
 пікірлер: 0
 оқылған: 606
21.04.2012


20 сәуір күні таңертеңгі са­ғат 07:10-да «Арселор - Миттал Те­міртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында апат болды.

Бұл туралы алғашқылардың бірі болып хабар таратушы – «Арселор- Миттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметі.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, штректердің бірінде газ-динамикалық құбылыс болды. Қазіргі уақытта бір адамды іздестіру жұмыстары жүргі­зі­луде»,– деп атап өтті ақпарат таратушы тарап.

Компанияның мәліметіне сәйкес, осы учаскеде жұмыс істеп жатқан үш кенші жер бетіне өз күштерімен шыққан.

 пікірлер: 0
 оқылған: 655
21.04.2012
Қарға тамырлы қазақты жүзге, руға, жерге бөлген секілді қалдық екеш қалдықты да түрге бөледі ғылым. Қалдық-қоқысыңыз қаққа айырылады екен. Өнеркәсіптік және тұрмыстық деп. Өндірістік жағынан алғанда Қарағанды облысы «бәйгені» бермей тұр. Онда бір жылда ауаға таралатын зиянды заттар мөлшері – 1 миллион 374 мың тонна.Одан кейін Павлодар, Ақтөбе дейді деректер. Әлбетте, бұл өнеркәсіптік қалдықтар тұрғысынан алынған есеп. Алғашқы үштіктің басында «аузымен құс тістеп» тұрған Қарағандының экологиялық дімкәстігіне өндірістер себеп екендігі екінің бірі, егіздің сыңарына мәлім дүние.
 пікірлер: 0
 оқылған: 766
21.04.2012

Газетіміздің №44-45 санында тілші Қызғалдақ Айтжанованың Шет ауданы Ақой аулындағы ауыз су мәселесіне қатысты сын ма­қаласы жарық көрген болатын. Соған байланысты Шет ауданы әкімінің орынбасары Бәкен Төлеуқұлов редакцияға жауап хат жіберді. Хат еш өзгеріссіз, қаз-қалпында беріліп отыр.

«Орталық Қазақстан»

газетінің бас редакторы

М.Сембаевқа

Ақой аулындағы ауыз су мәселесі жайлы

2012 жылғы 17-ші наурыздағы №44-45

«Орталық Қазақстан» газетіне шыққан

мақаласына жауап хат

 пікірлер: 0
 оқылған: 641
21.04.2012
Бүгінде ауыл шаруашы­лы­ғының тынысын ашып, өрісін ке­ңейту тізгінін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы қолға алғаны мәлім. Осы бағытта аталған ұйым бірқатар инновациялық жобаларды жү­зеге асыруда. Сонымен қатар, негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдіктер беруде де қалыс қалып отырған жоқ.
 пікірлер: 0
 оқылған: 667
21.04.2012
Сәтбаев қаласында көктемгі тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әкім Батырлан Ахметов бастаған қалың жұрт қаланы көркейтуге білек сыбана кіріскен.
 пікірлер: 0
 оқылған: 691

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px