Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Әлеумет

Материалдар категориясында: 4255
Көрсетілген материалдар: 4231-4240
Беттер: « 1 2 ... 422 423 424 425 426 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
17.04.2012
Қаражал-Жәйрем аймағында Елбасы – Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі қағидаларын тұрғындарға түсіндіру мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
 пікірлер: 0
 оқылған: 627
17.04.2012
Бұл – Пайғамбарымыздың хадис-шәрифтерінің бірі. Тазалық сақтау – ортақ іс. Сауабы да мол. Жыл сайын өкізілетін екі тазалық айлығы басталғанына біраз болды. Тазалық жұмыстары жер-жерде жанданып жатыр. Облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов сенбі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған саябақта ағаш отырғызды. Сенбілікке қала әкімі Бауыржан Әбдішев, қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП-ның және жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Сенбілік барысында қарағай ағашының 300 көшеті отырғызылды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1236
17.04.2012
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес мем­­лекеттік тілдің мәртебесі мен ма­ңызын арттыру, қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, балалардың бойында қазақстандық патриотизмдік сезімдерін қалыптастыру мақса­тын­да облыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Мем­лекеттік тілмен балалық шақтан – болашаққа» атты дәстүрлі VIІ облыстық фестивалі өткізілді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1753
14.04.2012

Әбдішевше әлеуметтік «көмек»

Көгілдір көктемнің алғашқы күні­нен-ақ қарағандылықтар жайсыз оқи­­ғаларға тап болды. Алдымен 1 наурыздан бастап зейнеткерлер мен оқушы жастардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүріп тұру билеттері алынып тасталды. Қарағандыдан да бюджеті нашар қалалар мұндай қадамға барған жоқ. Ал, елдің «индус­триалды жүрегі» деп аталып жүрген облыс орталығы осындай зәулім қала салып, өндіріс орындарын көтерген қарттары мен ел болашағы-жастарға осындай «тарту» жасады. Облыс әкі­мінің есепті кездесуі үстінде және кейбір газеттерде жарияланғанындай қа­ла әкімі Бауыржан Әбдішев мұны былай «заңдастырады»: «Материал­дық көмек адресті болуы тиіс. Әрине, біз ақша тауып бұрынғыдай бәрін тегін тасыр едік. Бірақ, онда басқа шығындарды азайту керек. Өйткені, жеңілдікпен жүріп тұруға біз миллиард теңгеден астам жұмсаймыз. Менің пікірім мы­­надай, мемлекеттік көмекті оған мұқтаж болып отырғандар ғана алуы тиіс және мен ойлаймын бұл дұрыс қой» деп. Сонымен солай «дұрыс» болып шешілді. Облыс әкімі де, оның үш-төрт дипломы, ғылым кандидаты, магистр атақтары бар, Оксфорд пен Хопкинсті бітіріп келген орынбасарлары мен басқарма басшыларының бірі ләм-мим деген жоқ.

 пікірлер: 0
 оқылған: 970
14.04.2012
Қолөнер – ата-бабамыздан қал­ған асыл мұра. Шаруашылыққа қажет заттарды жасайтын ел арасында шеберлер көп болған ертеректе. Сол қолөнершілер қазір жадымызда аты ғана қалған заттар – желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан – құмыра, көзе, ыдыс-аяқ, мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан – әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын, темірден, мыстан – қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал-қару жасады.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1127
14.04.2012
Рас, шет елде білім алсаң, ке­ле­шегіңнің жақсы болатынына еш­­кім уәж айта алмайды. 1993 жыл­­дың 5 қарашасынан бастап Ел­басы қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы та­ғай­ын­далғалы бері мыңдаған ұл-қыздарымыз шет елдерде білім алып қайтты. Осы бағдарламаның арқасында көптеген түлектер мем­­лекеттік қызметтерде, халық­аралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты жұмыстар атқаруда. Алғашқы жылдары жас­тарымыз 14 елде білімін шың­даса, қазіргі таңда әлемнің 38 елінің алдыңғы қатарлы 650 оқу орнында оқып жатыр. Жыл өткен сайын бәрі де артып келеді –талап та, тілек те, қолдау және қыз­мет ұсынған елдер саны да. Алайда, бағы жанып, шетелге аттанған ұл-қыздарымыздың, әсі­ре­се, қыздарымыздың мінез-құл­қы мен жүріп-тұруы мұң болып тұр, олар сабақтан тыс өмірін қалай ұйымдастырады?...Бір Ал­лаға аян. «Үйдегі» қыздардың қы­лығы ойландырмай қоймай отыр­ғанда, білім іздеп алысқа кеткен бойжеткендеріміздің халі «қызым үйде, қылығы – түзденің» керін кел­тіріп жүрген жоқ па деген ой келеді кейде.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1517
12.04.2012
Қазақстан Республикасы – әлем картасында екінші мыңжылдықтың қарсаңында пайда болған жас һәм болашағы зор мемлекет. Дүние жүзі халқын қалтыратып отырған ғаламдық экономикалық дағдарысқа қарамастан, қаржылық тығырықтан қажымай шығуға барлық алғы шарттар жасалған. Халықаралық сарапшылардың бақылау нәтижесі бойынша, Қазақстан дағдарысқа қарсы саясатының тиімділігі бойынша ТМД ішінде жетекші орында. Осыған қарамастан, еліміз даму қарқынын бәсеңдетпей, дағдарыстың жаңа толқынына тыңғылықты және жан-жақты дайындық жасағаны ләзім. Бұл, әрине, ең алдымен, заңнамаларды байыпты да кешенді жаңғырту мен жетілдіруге, экономикалық жағдайға стратегиялық және тактикалық талдау жүргізіп, озық технология мен жабдықтармен қамтамасыз етуге қатысты.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1040
10.04.2012
Бұдан бұрын хабарла­ға­ны­мыздай, Қарағанды қала­сындағы «Бесоба» тұрғын үй кешенінің №7 үйінің соңғы төрт подъезді құлаған болатын. Осыған байланысты облыс әкімі Әбілғазы Құ­сайынов Қарағанды қаласы әкімдігінің, құқық қорғау органдары және облыстық, қалалық басқармалардың басшыларының қатысуымен шұғыл жиналыс өт­кізіп, осы төтенше жағдайдың се­бептерін анықтап, оның зардабын жоюға байланысты шараларды қарады.
 пікірлер: 0
 оқылған: 898
07.04.2012
Осыдан мың жылдықтар бұрын Тә­ңірдің пәрменімен жерге аспани де­не (комета) құлаған. Ол кезде адам мен көк жиі қатысатын. Жөйттерге көп­теп пайғамбарлар келетін ықылым. Адам­затқа алғашқы аяттар, түрікке көктен те­мір түсті. Бізді жауынгер еткен Тәңірдің өзі екенін адамзат осыдан-ақ білсе керек еді ғой... Көк түрік Құдайдың айтқанын құп алып, көк сауыт киіп, болаттан қылыш ұс­тады. Өзге жұрт бұл уақытта әлі қола бал­қытып, қоламса исі мүңкіп жүрген. Сол көрлат жұрт өзгенің несібесіне ала­ра қарады.
 пікірлер: 0
 оқылған: 772
07.04.2012

Жастар жайын кім ойлайды?!..

Жастар – мемлекеттің қуат-арнасы, қоғамның тынысы һәм Алаштың айнасы. Әлбетте, көшбасшы мемлекетке ерік-жігері мықты, жан-жақты, рухы биік, болмысы бекзат, ұлт ұпайын түгендей алатын азат ойлы жастар қажет! Сондықтан, Қазақстанның нығаюы мен дамуына әрбір қазақ баласы жауапты! Қарағанды – еліміздің стратегиялық және экономикалық маңызды аймақтарының бірі, жастар шаһары болып есептеледі. Бүгінде облыстағы жастар саны 365 мыңды құраса, мемлекет жастарының отыз пайызы біздің аймақтың еншісінде. Бұл үлес үнемі артып келеді. Десек те, аймақта жастар саясаты жүйелі түрде жетіліп келе ме? Қазіргі уақытта мегаполис жастарының алдында тұрған өткір де өзекті мәселелер қандай? Жергілікті жастар ұйымдары мен бірлестіктер жалпыдан-жалқыға, сөзден - іске көше алды ма? Осы орайда, Қарағанды жастарының үміті үкіленіп, үрейі сейілді ме? Сонымен, не ұттық? Неден ұтылдық һәм тұтылдық?

 пікірлер: 0
 оқылған: 974

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px