Аға ұрпаққа – арда құрмет - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Аға  ұрпаққа – арда  құрмет
Жуырда Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінде ҚР Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Арнайы шақырылған ардагерлер мен департамент басшылығы және жеке құрам департамент ауласында орналасқан мемориалдық тақтаға боздақтардың рухына арнап гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Тағзым етуден басталған шарапаты мол шара департамент ғимаратында жалғасты.
 – Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және әріптестер! Сіздерді Отан Қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн, – деді өз құттықтауында полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров.
М.Жаппаров ҰОС және тыл ардагерлеріне департамент басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрам атынан ақшалай сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады. Мерекелік кеш барысында қызмет бабында үздік шығып, алдыңғы қатардан көрініп жүрген бірқатар тәртіп сақшылары да марапаттан құр қалған жоқ. Департамент басшысының қолынан ҚР ІІМ құрмет грамотасы, «Ішкі істер органдарының үздігі» белгісі, Алғыс хат сынды марапаттармен 15 қызметкер марапатталса, 45 қызметкер облыстық департамент басшысының бұйрығымен түрлі марапатқа ие болды.
Марапаттау салтанатынан кейін жиналғандардың құрметіне облыстық департаментке қарасты аумақтық ішкі істер органы қызметкерлерінен құралған 9 хор ұжымы «Хорлар шайқасы» деп аталатын байқауда бақ сынасты. Мақсат – бір, талап – қатал. Әрбір ұжым сонау отты жылдарда елге рух сыйлаған әскери әндерді шырқады. Айта кетерлігі, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалап, қылмыстың алдын алатын тәртіп сақшыларына мұндай концерттік бағдарлама дайындау оңайға соққан жоқ. Сондықтан да, әрбір ішкі істер органының қызметкерлері біздерге жеңіс сыйлаған ардагерлердің көңілінен шығу үшін бар күш жігерлерін салып дайындалғандары анық байқалды. Бір сағаттан астам уақытқа созылған хор жарысының қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен үшінші орынды Шет және Қарқаралы ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері иемденсе, екінші орынды Ұлытау, Жезқазған, Сәтбаев қалалық ішкі істер бөліністерінен құралған хор ұжымы, ал бірінші орынды Теміртау қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері қанжығалады.

Қуаныш МЕДЕУБАЕВ,
полиция аға лейтенанты.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 151
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px