«...Ақпанда – алты адым» - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

«...Ақпанда – алты адым»

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,

«Орталық Қазақстан»


Әңгіме күннің ұзарғаны емес, нарық бағасының адымы жайлы. Ақпандағы баға қаңтар айындағы көрсеткіштен қаншалықты өзгерді? Статистика департаментінің дерегі сөйлесін...

Өткен айда облыстағы инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі 101,5%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының құны – 1%-ға, азық-түлік емес тауарлар құны 0,9%-ға қымбаттады.

Нақты айтсақ, нан – 7,2%-ға, қант – 7%-ға, шай – 2,4%-ға, күріш – 2,1%-ға, жармалар, май мен тоң май – 2%-ға, сүт – 1,6%-ға, жемістер, минералды және ауыз су 1,2%-ға қымбаттады. Керісінше, көкөністер – 0,4%-ға, жұмыртқа құны 0,3%-ға арзандады.

Фармацевтикалық өнімдер – 5,8%-ға, маталар – 3%-ға, автомобильдер және тоқыма бұйымдары – 2,9%-ға, телефон және көшірмелік жабдықтар – 2,7%-ға, жеке пайдаланатын электр заттары – 2%-ға, жеке қолданатын құралдар және тауарлар – 1,8%-ға, кеңсе тауарлары, сызу бұйымдары – 1,5%-ға, кілемдер және еденге арналған жапқыштар – 1,4%-ға, тұрмыстық құралдар 1%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің бағасы да артқан. Мәселен, тарифтер қоқысты шығаруға – 60,1%-ға, кәрізге – 15,9%-ға, орталықтан жылытуға – 8%-ға, домофон қызметтеріне – 6,5%-ға, ыстық сумен жабдықтауға – 6%-ға, электр энергиясына – 5,1%-ға, суық суға 2,8%-ға өскен.

Қаңтар айымен салыстырғанда, ақпанда медициналық қызметтер құны да артқан. Күндізгі стационарда емдеу – 13,4%-ға, медициналық зертхана қызметтері – 1,8%-ға, амбулаториядағы дәрігер-маман қызметтері 1,7%-ға қымбаттады. Бензин бағасы 1%-ға төмендегенімен, тарифтің өсуі әуе жолаушы көлігінің қызметтеріне – 11,1%-ға, теміржол жолаушы көлігінің қызметтеріне 3,2%-ға байқалады. Монша, сауна және спорт кешендерінің қызметтері де 3%-ға өскен.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 277
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px