Қадірлі аналар мен аяулы арулар! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Қадірлі аналар мен аяулы арулар!
Әйелдердің халықаралық күнi – 8 наурыз мерекесiмен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Жарқыраған көктемнiң алғашқы күндерi бiз, аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға арналған осынау жарқын мерекенi қарсы аламыз.
Күн шуағынан нәр алған ардақты аналардың мейірімі – барлық ізгілік пен игіліктің қайнар көзі, бастау бұлағы екені анық. Сондықтан да, тіршіліктің тұтқасы, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болып келе жатқан әйел-анаға халқымыз ерекше сый-құрмет көрсетіп, аса қадірлейді.   
Алға қойған тапсырмалардың шешiмi нәзiк жандарымызға да байланысты. Себебi, Елбасымыздың даналығымен замандастарымыздың экономикалық және әлеуметтiк белсендiлiгi ынталандырылды. Болашаққа деген сенiм мен белсендiлiктi қолдау, республикалық деңгейдегi өткiзiлген iс-шараларға атсалысу, көп ұлтты Отанымызда жылылық пен рухани келiсiмдi одан әрi нығайту сынды ауқымды жұмыстар, тек, Сiздердiң қолдауларыңызбен жүзеге асырылады.
Еңселі еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бағып-қағып, тәлім-тәрбие берумен бірге, нәзік жандар қоғамымыздың қай саласында болмасын қажырлы еңбек етіп келеді. Аяулы жандардың алдағы уақытта да Қазақ елінің мерейін үстем етіп, мәртебесін асқақтата түсу бағытындағы қолға алған жұмыстарының табысты болуына тілектеспіз.  
Құрметті нәзік жанды арулар!
Сіздерді алдағы келе жатқан көктемнің алғашқы гүл мерекесі – 8 наурыз мейрамдарыңызбен құттықтаймыз! Көктеріңізден күн кетпесін, құшақтарыңыздан гүл кетпесін, өмірлеріңізден күлкі кетпесін. Құт болып әрбір үйден табылып, шуақ болып төгіле беріңіздер.

Н.ӘУБӘКІРОВ,
Қарағанды қаласының әкімі.                             
Қ.ОСПАНОВ,
қалалық мәслихаттың хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 254
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px