Аяулы әйелдер қауымы! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Аяулы  әйелдер  қауымы!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Әйелдердің халықаралық күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сүйіспеншілік, отбасы, сенім сияқты біздің баға жетпес құндылықтарымыз Сіздермен бірге мәңгі жасай бермек. Сіздер отбасының ұйытқысы бола отырып, өскелең ұрпақты – еліміздің нағыз отансүйгіш ұл-қыздарын тәрбиелейсіздер. Халықтың салты мен дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізуге дәнекер боласыздар. Бізді, ер азаматтарды, ерлікке, лайықты қадамға әрі шығармашылыққа жетелейтін де – нәзік жандар.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Қарағанды өңірін дамыту ісіне де нәзік жандардың қосатын үлесі зор. Қарағанды облысының ханымдары саяси тұрақтылықты нығайтып, экономикалық дамуды ілгері бастыруға да белсенді атсалысуда. Сіздер, кәсіби өрлеудің шыңын да еркін игересіздер. Міне, Отанның игілігіне бағытталған адал әрі жігерлі еңбектің үлгісі ретінде, әйелдер қауымы елдің және өңіріміздің тарихында бірнеше игі бастама көтерді.
Әйелдер қауымының еңбексүйгіштігі, өз кәсібіне деген құштарлығы түрлі саладағы оңды істерге серпін беруде. Қазіргі күні нәзік жандар мемлекеттік маңызды қызметтерге басшылық жасап, шағын және орта бизнестерге жетекшілік етіп келеді. Олар Қарағанды өңіріндегі материалдық және рухани құндылықтардың жетіліп, жаңғыруы үшін аянбай еңбек етуде. Көптеген нәзік жандардың еңбектері жоғары мемлекеттік және өңірлік наградалармен лайықты бағаланған.
Елімізде, облысымызда әйелдердің, ана мен баланың құқығы мен мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия белсенділік танытып, Гендерлік теңдік стратегиясы жүзеге асырылуда. Кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да қарқын алды.
Туған Қазақстанымыздың игілігі үшін ең қиын сәттерде аянбай еңбек еткен соғыс және еңбек ардагерлері қатарындағы әйелдер қауымы да зор сый-құрметке ие. Сіздердің даналықтарыңыз, төзімділік пен парасаттылық, еңбексүйгіштік қасиеттеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Мейірімділік, төзімділік пен жарқын пейілдеріңіз, отбасындағы мейірімділік пен кәсіби шеберліктеріңіз үшін, Сіздерге, мың алғыс!
Әр істеріңіз сәтті болып, жақындарыңыз жылуы мен ыстық пейіліне бөлесін!
Өмірлеріңіз қуанышты жаңалықтарға толсын!
Н.ӘБДІБЕКОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Н.ДУЛАТБЕКОВ,
облыстық мәслихат хатшысы.    

 

 

 

 

 

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 270
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px