Алғашқы тоқсанды қорытындылады - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Алғашқы тоқсанды қорытындылады
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі қалалық консультативтік-кеңесші органның кезекті жиыны өтті.             
                                                                        
Қарағанды қаласының әкімдігінде өткен отырыста 2015 жылдың I тоқсанының қорытындыларына сәйкес, бас бостандығынан айырмай сотталған және қылмыстық жазасын өтеу орындарынан босап келген тұлғаларға әлеуметтік және өзге де көмектерді көрсету туралы аудандық пробация қызметтерінің, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған ұйымдастыру жұмыстары қаралды.  
Қылмыстық жазасын өтеп келген азаматтар арасында 2016 жылдың I ші тоқсанының қорытындысы бойынша қайталай қылмыс жасауды болдырмау үшін Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің атқарылған алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы есебі тыңдалды.
Мәжіліске Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының, қала аудандары полиция бөлімдерінің, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Қарағанды қаласы аудандарының пробация қызметі бөлімдерінің, бірқатар мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ішкі істер органдарының, оның ішінде, полиция қызметінің қаланың басқа қызметтерімен ведомствоаралық өзара іс-әрекеттерінің, бірлескен рейдтер өткізу, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары актілерін жасау, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмектерді ресімдеу мәселелерінің өзекті проблемалары көтерілді.
Отырыс қорытындысы бойынша биылғы жылдың I тоқсанының қорытындылары шығарылып, міндеттер белгіленді. Ұсыныстар айтылып, тиісті тапсырмалар жүктелді.


Қарағанды қаласы әкімінің аппараты.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 110
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px