Алғыс айту – парызым - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Алғыс айту – парызым

Алғыс айту күнінің маңызы – көп ұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту болып табылады. Жалпыұлттық топтасу, ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық татулық факторы ретіндегі «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде жастар арасында қазақстандық патриотизмді нығайту ескерілген.

Алғыс айту күніне орай қалалық мамандандырылған музыка мектеп – интернатының  директоры Б. Бүкеновтың басшылығымен, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары А. Әлімханованың ұйымдастыруымен іс-шара өтті.
«Мен Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенемін», – деп Мемлекет басшысы атап өткендей, мектеп ұжымы оқушылармен салтанатты жиын өткізіп, алғыс айту күнінің мақсатымен таныстырды. Бастауыш сынып мұғалімдері С.Әбенова мен Т.Мокрованың ұйымдастыруымен «Алғыс айту – парызым...» атты мерекелік шара өтті. Кішкентай бүлдіршіндер  ұстаздарына алғысын білдірді.  «Кітап – білім бұлағы» демекші кітапхананың жетекшісі Т.Сергебаеваның ұйымдастыруымен «Қазақ еліне тағзым» атты көрмеде этномәдени бірлестіктерінің кітаптары, мұрағат материалдары, фотосуреттер, құнды дүниелер болды. Осы іс-шара барысында  А.Кәрімова мен Ш.Рысқұловтың ұйымдастыруларымен  жастар арасында  «Мен алғыс айтамын!...» атты флеш-моб өткізілді. Алғыс айту күні мамандандырылған музыка мектеп-интернатының ұстазы Д.Аманованың ұйымдастыруымен өнерлі оқушыларымыз Сәкен Сейфуллин көшесіндегі «Ардагерлер емханасына» барып, өнерлерін тарту етті. Жүргізушілердің өрнектелген сөздерінен соң, домбыра ансамблі Құрманғазының «Балбырауын», Динаның «Науысқы» күйлерін шертпелеп, күмбірлете ойнады.  А.Әбілқасымовтың орындауында Власовтың «На вечорке» шығармасын тамылжыта орындады.  Ә.Қазақбаевтың «Тілеп сарыны» атты шығармасын қыл-қобыз ансамблі орындады.  Мектебіміздің мақтан тұтар әнші қызы Диана Көшербаева сыңғырлаған дауысымен Нұрғиса Тілендиевтің «Сағындым» әнін айтқанда, қариялар сүйсіне тыңдады, әрі тамсанды. Шендыревтің «Русский танец» атты шығармасын Рауль Ергалиев нақышына келтіре орындап, ардагерлердің ыстық ықыласына бөленді. Шекті аспап квартетінің,  үрмелі аспап ансамблінің өнерлеріне ардагерлеріміз дән риза болды.  Домбыра ансамблі «Шашу» күйін  күмбірлете ойнап, мектеп ұжымы елімізге еңбегі сіңген ардагерлерге алғысын өнерлері арқылы жеткізді.

 А.ӘЛІМЖАНОВА,
Мамандандырылған музыка мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
 ҚАРАҒАНДЫ қаласы.               

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 294
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px