Алғыс – әлеуметтік дүкен - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Алғыс –
әлеуметтік дүкен
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Наурыз тойы қарсаңында Сәтбаев қаласында Жастардың ресурстық орталығының және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдау танытуымен әлеуметтік дүкен ашылды. Қайырымдылық жолымен жинақталған заттарын тегін ұсынатын шағын сауда орны «Алғыс» деп аталады.
Айрықша бағыт ұстанған дүкен «Отбасы — отбасына көмектеседі» әлеуметтік жобасының шеңберінде өмірге келді. Мұндағы тауарларды қаланың қайырымдылыққа шет қарамайтын тұрғындары әке­ліп өткізеді. Ең әуелі арнайы қабылдау бекеті арқылы мұқият сұрып­талып, реттелген соң тауарлар дүкен сөресінен орын алады. Әлеуметтік дүкеннің басты мақсаты — қайырымдылық көмек жасау және әлеуметтік жағдайы әлсіз топтағы жандарға мүмкіндігінше қолдау көрсету. Аз қамтылған, көп балалы отбасылары мен жалғызілікті зейнеткерлер салмағы 5 келіден аспайтын кез келген тауарды тегін ала алады.
«Алғыс» дүкенінің ашылу салтанатына қала әкімі Асқар Ыдырысов қатысып, құттықтау лебізін білдірді. «Әлділер — әлсізге, ауқаттылар — тұр­мысы төмендерге көмектесіп, қарай­­ласу біздің халқымыздың ізгі қасиеті болып табылады. Барша Шығыс халқының мейрамы — Наурыз қарсаңында осы ізгі дәстүрдің жаңғыруы сүйсінерлік»,- деді ол. Сондай-ақ, «Жүректен — жүрекке» қайырымдылық тобы­ның жетекшісі Айым Амангелдина сөз алып, қайырымдылық шара­сының аясы кеңейе беруіне сәттілік тіледі. «Алғыс» дүкені әр аптаның сәрсенбісінде жұмыс істейді екен. Әлеуметтік дүкеннің алғашқы аш­ыл­уында-ақ балалар мен жас­өспірімдерге киім-кешектер тисе, көп балалы аналар мен зейнеткерлер ыдыс-аяқ, тұрмыстық бұйым тауарларын алды.


СӘТБАЕВ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 252
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px