Қаладағы шаруашылық ахуалы нешік? - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени орталығы болып табылатындығы бәрімізге белгілі. Сонымен қатар, өнеркәсіп кешенінің белсенді дамуы мен құрылыстардың ұлғаюы қала аумағында мал және өсімдік шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің жұмысын қиындатуда. Соған қарамастан, қала аумағында бірнеше шаруа қожалықтары бой көтеруде.

Дегенмен, негізгі мәселе қала аумағында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, сонымен қоса, мал мен өсімдік өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде.

Мемлекет бұл тарапта қажетті жағдайларды жасауда. Алайда, қала аумағында ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау туралы хабардар ма?!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысы бойынша 2015 жылы өсімдік шаруашылығын дамыту үшін – өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялап келді. Мысалы, «Green Technology» ЖШС – 2,7 га алқапқа қияр өсіріп (екі егіс айналымына), «Жеңіс-2004» ЖШС – 300 га алқапта зәйтүн дақылдарын (зығыр) өсіруге субсидия алған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау жүйесін реформалау, сондай-ақ, 2016 жылға арналған бюджетті қалыптастыру, тиісті заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2016 жылдан бастап, келесі субсидиялау түрлері алып тасталды:

басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау;

жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау.

Жоғарыда айтылған негізде, 2016 жылғы субсидиялау бағдарламаларын (субсидия алуға өтінім жинау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, субсидия төлеу бойынша Министрлікпен субсидия нормаларын келісу) іске асыру уақытша тоқтатылды.

Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында, ынталандырмайтын субсидиялар мен мемлекеттік шығыстардан қаражаттарды анағұрлым тиімді мемлекеттік қолдау түрлеріне қайта бөлуді қарастырып, реформалар арқасында қаланың ауыл шаруашылығы саласын дамыту жұмыстары күшейе түседі деген үміттеміз.

 

Қарағанды қаласы

әкімінің аппараты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 140
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px