«Аламан» фестивалі - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

«Аламан» фестивалі
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Елімізде «Серпін-2050» бағдарламасы аясында жастардың арнайы грант бойынша білім алып жатқаны белгілі. «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы негізінде Жезқазғанда оқып жатқан студенттер арасында өңірлік «Аламан» фестивалі өткізілді.

Бүгінде аталмыш бағдарлама бойынша Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде 125 бала, Бизнес және көлік колледжінде – 50, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде 25 бала оқиды. Олар – Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Маңғыстау облыстарынан келген жастар. Оқу орындары олардың барлығын жайлы жатақханамен қамтамасыз етті. Алдағы оқу жылында Жезқазғанға келетін бала саны 300-ге жеткізілмекші. Грант иегерлерін жергілікті жерге әлеуметтік бейімдеу мақсатында және білім алушылардың бос уақыттарын тиімді өткізіп, шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін әртүрлі танымдық шаралар ұйымдастыру көзделген. Білім және ғылым министрлігінің «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы үйлестіру кеңесінің ұсынысы бойынша өткізілген «Аламан» фестивалі осындай игі шаралардың бірі. Оған бірыңғай өзге өңірлерден келген балалар қатысты.
Жалпы, «Мәңгілік Ел» мемлекеттік идеясы аясында біріге отырып, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштікті нығайтуды көздеген фестиваль үш кезеңнен тұрады. Күзде оқу орындарының ішінде топаралық сайыстар өтсе, көктемгі кезеңдегі өңірлік бәсеке 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында өткізіліп отыр. Алда – республикалық бәйге тұр. Өңірлік фестивальде жастар 10 номинация бойынша сынға түсті. Мәселен, «Серпін-Іскер жастар» номинациясында студенттер «Serpin-Start-Up» тақырыбы бойынша жаңа интеллектуалды-инновациялық жобаларын көрмеге ұсынып, бизнеске қарым-қабілетін танытса, «Өнерлінің – өрісі кең» номинациясында өнердің кемінде үш түрін қамти отырып, шығармашылық өресін байқатты. Сондай-ақ, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының идеясын насихаттау, мамандығының мәнін ашу, астарлы ой, ұтымды әзілмен тапқырлық көрсету және спорт сайыстары бойынша да сынға түсті. «Аламан» қорытындысында ЖезУ жастарының командасы топжарып, алға шықты. Өңірлік фестиваль жеңімпаздары енді республикалық бәйгеге қатысатын болады.
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 177
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px