Алматылық суретшінің арт-манифесі - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Алматылық суретшінің арт-манифесі
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»

Теміртауда бес қабатты үйдің қабырғасында алып сурет -  графитти пайда болды. Мұны  Теміртаудың экологиясына арналған арт-манифест деседі. Осылайша автор экологиясы мүшкіл қалаға назар аудартқысы келсе керек. БАҚ-та жарияланған деректерге сүйенсек, туындының авторы – алматылық арт-суретші Паша Кас.
Суреттің негізін француздың суретшісі Анри Матисстің «Би» («Танец») шығармасы құрайды. Соны өзек етіп алған Паша Кас түтіндеген құбыр мен оны айнала билеген галстук таққан кеңсе адамдарын  бейнелеген. Туындыға «Билейміз!» («Пляшем!») деген атау берген. Автор қазба байлықты құныға жұтқан ірі өндірістердің маңында жанұшыра билеп жүрген кейіпті астарлап жеткізіпті.  
«Теміртау қаласы. Металлургиялық зауыттар барлық тіршілік атаулыны түп-тамырымен улап отыр. Біраз бұрын экологтар балалардың бес ойын алаңынан топырақ алып зерттеді. Сонда топырақ құрамындағы қорғасын мөлшері нормадан 5 есе артық екені анықталды. Бірақ, бәрі үнсіз»,–  деп түсініктеме беріпті суретші БАҚ өкілдеріне.
Теміртау қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 143
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px