Қан майданда қолынан айырылды - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қай адам болмасын соғысқа қатысып, Отанын жаудан қорғаған, ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен ата-әкелерін мақтаныш етеді. Ұлы  Жеңістің жетпіс бір жылдығын көре алмай кеткен сондай ардагерлердің бірі – әкеміз Бажақ             ИСАИНОВ еді.

Әкеміз 1916 жылы Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында дүниеге келген. Бар-жоғы төрт сыныптық білім болғанымен, комсомол қатарына алынды. Алғашқы еңбек жолын аудан басындағы мектепте мұғалім болып бастап, кейін №18 шахтада тер төкті. 1935 жылы Көкшетау қаласындағы педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1938 жылы оқуын бітіргеннен кейін бір жыл Қарағанды қаласындағы №11 орта мектепте мұғалім болды. Сөйтіп, 1939 жылы Ленинград әскери округінің 113-ші запастағы атқыштар полкына әскер қатарына шақырылып, сол жақта әскери борышын өтеп жүрген жерінен КСРО мен Финляндия арасында болған соғыс майданына қатысқан. Бұл соғыс біткеннен кейін 1940-1941 жылдары Приволжск әскери округінің Балашовск жаяу әскер училищесінің курсанты болды. Ал, ҰОС басталған кезде 1941-1942 жылдары 167-ші атқыштар дивизиясының 520-шы атқыштар полкі командирінің көмекшісі етіп тағайындалды. Қанды майдан қасіретсіз болсын ба? Бобруйск қаласының түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, қолынан айырылып, елге қайтарылады. Туған ауылына оралған соң әкеміз мүгедектігін міндетсінбей, ел қатарлы тер төгіп, ұстаздық етті. 1943-1960 жылдар аралығында мұнай шаруашылығының меңгерушісі, 1960 жылдан бастап халықтық бақылау тобының төрағасы ретінде жиырма жыл еңбектенді. Аудандық «Знамя Ильича» газетінің меншікті тілшісі, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің штаттан тыс тілшісі болды. 1969 жылы Ақжар ауылдық кеңесінің депутаты болып сайланды. Ерлігі бағаланып, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, өзге де көптеген марапаттармен наградтталды. Әкеміз 1994 жылы өмірден озды.

Сафура БАЖАҚҚЫЗЫ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 145
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px