Арқада – ақтүтек - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Арқада – ақтүтек
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»
Бейсенбі Арқада ақтүтек боран сайран құрды. Кейбір өңірлерде жел жылдамдығы 25 метр/секундқа дейін жетті. Апаттың алдын алуды ойлаған полицейлер барлық бағыттағы жолдарды жапты. Дегенмен, көліктер соқтығысып қалған оқиғалар тіркелді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.
Мәселен, Қарағанды – Теміртау күре жолында 17 көлік бір-бірінің тұмсығын бұзды. Себеп – ат құлағы көрінбес боран. Жүргізушілер көлік тізгінінен айырылып қалған. Құдай сақтап, адам аман. Апат орнына жеткен тәртіп сақшылары оқиғаның анық-қанығын айқындауды қолға алуда.
Сол күні облыстағы травмотология бөлімдерінің жұмысы артты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, күре жолдардағы көлік соқтығыстарынан жапа шеккен 68 адам дәрігер көмегіне жүгінді. Кейбіреулері апат орнынан «жедел жәрдем» көлігімен әкетілген. Сондай-ақ, қатты жел мен көктайғақтан құлап, түрлі жарақат алғандар саны көбейді.
Мамандар ауа райы бір-екі күнде түзелмейтіндігін айтып отыр. Әсіресе, түнге қарай боран көтерілуі мүмкін. Сондықтан, тәуліктің қараңғы мезгіліне қарай жолға шығудан тартынған жөн.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 232
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px