Қарағанды қаласында мүлікті жария ету - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қарағанды қаласында мүлікті жария ету
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікті жария ету шарасы басталғанын естеріңізге саламыз.
Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Құқықтары Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Респуб­ликасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Осы Заңның 1 бабы 4-тармағына сәйкес мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар. Жария етуге жатады:
1) ақша;
2) бағалы қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Рес­публикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресім­делген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистраль­дық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағи­даларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъ­ектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қа­зақстан Республикасының аума­ғында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
Бұл ретте осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Рес­публикасының аумағынан тыс­қары жерлерде орналасқан, жария ету субъектісімен өзіне тиесілі материалдық және қаржылық құралдарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері бар басқа да ұйымдарға мүлікті (трасты) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік те жария етілуге жатады.
Егер осы Заңның 10-бабында өзгеше белгіленбесе, құқықтары Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Респуб­ликасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:
1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;
3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құры­лыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған са­рап­шының қорытындысын;
4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі.
Құжаттарды жария ету субъектілері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша комиссияға ұсынады.

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 187
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px