Қарағанды қаласында мүлікті жария ету барысы туралы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Қарағанды  қаласында  мүлікті жария ету  барысы  туралы
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бас­тап мүлікті жария ету шарасы бастал­ғанын естеріңізге саламыз.
Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Құқықтары Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес ресім­дел­меген, Қазақстан Респуб­ликасы­ның аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттар­ды беру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Осы Заңның 1 бабы 4-тармағына сәйкес мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар. Жария етуге жатады:
1) ақша;
2) бағалы қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағи­даларына, сондай-ақ, өздері орна­ласқан, жария ету субъектісіне мен­шік құқығында тиесілі жер учас­кесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Респуб­ликасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аума­ғының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
Бұл ретте осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республика­сының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан, жария ету субъектісімен өзіне тиесілі материалдық және қаржылық құралдарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарт­тық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері бар басқа да ұйымдарға мүлікті (трасты) сенім­герлік басқаруға берілген мүлік те жария етілуге жатады.
Егер осы Заңның 10-бабында өзгеше белгіленбесе, құқықтары Қа­зақс­тан Республикасының заңна­масына сәйкес ресімделмеген Қа­зақстан Республикасының аума­ғындағы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссияға жария ету субъ­ектілерінің мынадай құжаттарды:
1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түп­нұс­қасын көрсете отырып, оның көшірмесін;
3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құры­лыс­тарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
4) жылжымайтын мүлік объекті­сінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі.
Құжаттарды жария ету субъекті­лері жылжымайтын мүліктің орналас­қан жері бойынша комиссияға ұсы­нады.
Бүгінгі таңда комиссияға 398 өтініш (430 нысан) түсті, оның ішінде 186 нысан заңдастырылды, сондай ақ Казыбек би ауданы бойынша 145, Октябрь ауданында 41 нысан.

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 149
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px