Қарағанды сарбазы – алдыңғы қатарда - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қарағанды  сарбазы –
алдыңғы  қатарда
Астанадан ақжарма алғыс жетті. «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінен жеткен бұл хатта жерлесіміз, сонда Отан алдындағы борышын атқарып жүрген Мағжан Ғалымұлы
САРСИКЕЕВТІҢ қасиетті міндетін абыроймен атқарып келе жатқандығы туралы айтылыпты.
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»


«Мағжан өзінің әскери қызметінің бірінші күндерінен бастап, әскери өмірдің қыры мен сырын үйренуге үлкен ынта білдіріп, Отанға деген жоғары патриоттық сезімімен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білді. Жүктелген міндеттерді атқару кезінде өзін тек жақсы жағынан ғана көрсетуде. Қызмет атқарып жатқан бөлімшесінің қоғамдық өміріне де белсенді қатысады. Бақылау-өткізу пунктінде қызмет атқару кезінде, қырағылығын тексеру мақсатында жіберілген оқу тәртіп бұзушысын ұстап, өзінің қызметіне адал сарбаз екендігін дәлелдеді» делінген аталмыш хатта.
Мағжан жауынгерлік дайындықта, жауынгерлік қызметте жеткен жетістіктері мен үлгілі әскери тәртібі үшін ротаның және бөлім командирінің атынан марапаттарға ие болыпты.
Жас сарбаздың аталған жетістіктерге қол жеткізуінің басты себебі, ең алдымен, отбасындағы алған өнегелі тәрбиесі, мектеп ұжымының және білім алған оқу ордасының берген сапалы тәлім-тәрбиесінің нәтижесі екендігі сөзсіз. Сондай-ақ облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлерінің іріктеу жұмысын ыждаһаттылықпен өткізуінің жемісі.
Хат соңында әскери бөлім ұжымы Мағжанның жетістіктері Қарағанды облысының келешек әскер қатарына шақырылатын жастарына үлгі болып, әскери-патриоттық тәрбие беруде өзіндік орын аларына сенім білдіріпті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 116
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px