Ардагерге - мың тағзым - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Ардагерге - мың тағзым
Шет ауданында Ұлы Жеңістің 71 жылдығын тойлау аясында ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды. Ауданымызда  соғысқа қатысқан ардагерлер саны санаулы-ақ. Оның ішінде, мүгедектер тобында екі ардагеріміз бар.

Шет аудандық «Аманат» мүгедектер қоғамы Жеңіс күні   осы ардагерлермен жүздесті.  Олардың  бірі – Ақадыр кенті­нің тұрғыны  Павел Васильевич Семилетов, екіншісі –  С.Сейфуллин кентінің тұр­ғыны, соғыс ардагері Сәкібай Шәкенов ақсақал. Жеңіс күнінің қарсаңында ардагер П.Семилетов 90 жасқа толды. Мүгедектер қоғамының атынан А.Қасымов ардагердің отбасына барып,  Жеңіс күнімен тұспа-тұс келген туған күнімен де құттықтап, сый-сияпат жасады. Құттықтауға кент әкімі А.Сембаев қатысты. Соғыс ардагері П.Семилетов бұл құттықтауды жылы қабылдап, алғысын білдірді. Осындай шараны ұйымдастырған «Аманат» мүгедектер қоғамына ризашылық танытты.
Мұндай жылы жүздесу  соғыс ардагері  Сәкібай Шәкенов отбасында жалғасты. Өзінің 95 жасына қарамастан,  ардагер  әлі де тың. Соғысты Польша жерінде аяқтап, елге 1946 жылы аман-есен келген екен. Одан кейінгі бейбіт өмірде халық үшін еңбек етіп, отбасын құрып, 6 бала тәрбиелеген. Олардан қазіргі уақытта  немере, шөбере сүйіп отыр. Сәкең ақсақал құттықтаушыларға ыстық ықыласын жеткізді. Соның ішінде, аудан әкімдігі, «Аманат» мүгедектер қоғамы  және С.Сейфуллин кент округі басшылығы да бар.

А.ҚАСЫМОВ,
Шет аудандық «Аманат» мүгедектер қоғамының төрағасы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 183
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px