Ашықтық – өрлеу бастауы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Ашықтық – өрлеу  бастауы
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікті жария ету шарасы басталғанын естеріңізге саламыз. Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Осы Заңның 1-бабы, 4-тармағына сәйкес мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар. Жария етуге жатады:
1) ақша;
2) бағалы қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
Бұл ретте осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан, жария ету субъектісімен өзіне тиесілі материалдық және қаржылық құралдарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері бар басқа да ұйымдарға мүлікті (трасты) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік те жария етілуге жатады.
Егер осы Заңның 10-бабында өзгеше белгіленбесе, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:
1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;
3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі.
Құжаттарды жария ету субъектілері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша комиссияға ұсынады.

Қарағанды қаласының әкімдігі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 276
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px