Қаскөйлікке жол жоқ - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Қаскөйлікке жол жоқ

Ақтөбе -  ел ішінде тұтастықтың, тұрақтылықтың қажеттігін қайғылы оқиғалармен көрсетіп берді. Қарапайым тұрғындардың қапыда,  бейбіт күнде опат болғаны жанымызға батады. Мұндай қаскөй әрекеттерге итермелеушілердің басында тұрғаны заң алдында, ел алдында жауапқа тартылуы тиіс. Мұны Елбасы да  мәлімдемесінде атап өтті.
Кеше жарияланған қаралы күн – тарихымыздағы аза тұту күні болып қалары хақ. Бүтін ұлттың аза бойын қаза қылған қанды оқиғаның көксегені не? Елдің елдігі мен бірлігіне тәубе еткен халқымыз қазір лаңкестер атанған бұл топқа лағнет айтып жатыр. Баланы әкеден, ананы жарынан, әке-шешені бауыр еті баласынан ашық күнде айырған бұл қасірет әкелушілерге басқа не деуге болады?
Сондықтан да, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Ақтөбе оқиғасына қатысты мәлімдемесіне айтылғандарды құп аламын.  Президент өз сөзінде, «елдігімізге сына қағатын зұлымдықтардың ымырасыз жолын кесуіміз қажет» деді. Расында, ел арасынадағы  мұндай әркеттерге жол жоқ. Біз көп болып осыны ұғынуымыз қажет.

Бекзат Алтынбеков,
Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 389
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px