Ғасыр дерті - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Біздің еліміз де аталған дертпен өткен ғасырдың соңғы жылдарында белсене күресе бастады. Оған қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу және жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Еліміз аталған Заңды ТМД елдерінің ішінде бірінші болып қабылдап, қоғамға жат құбылыспен күресудің негізгі қағидалары мен механизмдерін, мақсаттарын, міндеттерін анықтады. Мемлекет тарапынан қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыру үшін құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар белгіленді. Ол арқылы сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтап, оның салдарын жою, қоғамның мемлекеттік қызметкерге деген көзқарасын жақсы жағына өзгерту болып табылады. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында оған қарсы мәдениет қалыптастыру шаралары жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың дәрежесін төмендету үшін мемлекеттік аппаратта мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын және әлеуметтік жеңілдіктерді кезең-кезеңімен арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – әрбір отандасымыздың азаматтық ұстанымы, ниет тазалығы мен тәртіптіліктің қағидасы болуы қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруды отбасымыздан, оқу орындарынан бастауымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерді балаға сәби кезінен бастап ұғындырған жағдайда ғана осы бір әлеуметтік кеселдің тамырына балта шаба аламыз. Мектеп табалдырығында да профилактикалық жұмыс ретінде оқушыларға ғасыр дертінің алып келетін қасіреттерін бейнематериал ретінде көрсетіп, дертпен күресетін орган қызметкерлері оқу орындарында лекция оқып отыруы қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте, тек, жазалаушы әдістерді ғана емес, сонымен бірге, азаматтар арасында құқықтық тәрбилеу арқылы ақпараттық-тәрбиелік түрде де жүргізу міндетті. Уақыт көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетілетін жерде туады. Сөйтіп, қызмет бабын пайдалана отырып, қызметкер өз пайдасын ойлап, дерттің өршуіне жағдай туғызады. Өкінішке орай, елімізде сыбайлас жемқорлық байланыстар бизнес өкілдері мен шенділер арасында жиі кездесуде. Сондықтан, осы бастан қызметкерлердің табыс есебінде жағдайын жақсартып, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекетік қызметкерлердің олармен тікелей байланыста болмауын реттеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын шараларды күшейтуіміз керек. Заман талабынан қалмай, мемлекеттік қызмет саласындағы заңдылықтарды талапқа сай жаңартып отырған жөн.

 

Еркін ШАЙМАҒАНБЕТОВ,

ҚР ҚМ ҚК Қарағанды облысы бойынша қазынашылық

департаментінің Октябрь аудандық қазынашылық

басқармасының басшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 375
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px