Еңгізілген: 26.04.2018
Атадан тал қалсын
Көктемгі тазалық жұмыстарының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Сол сенбілік шараларында жасалып жатқан игілікті істің бірі – тал егу. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесінің құрметімен орайластыра ағаш отырғызу ісі қарқынды жүргізілуде.
Өткен аптада облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының бастамасымен осындай игі шара үлкен қолдау тапты. Аудан депутаттары қаламыздың «Қараала көпір» алаңқайына барлығы 100 түп қайың мен алма ағашының көшетін отырғызды. Қаламыздың гүлденіп, көріктенуіне септігін тигізер үлкен іс ұйымшылдықпен атқарылды. Тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасын табуда.
Өз тілшімізден.
Қарқаралы ауданы.

