Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.10.2017

Осыдан бір ай уақыт бұрын облыс орталығының «Орбита» шағын ауданында соғыс және еңбек ардагерлерінің өздері «шағын алқа» деп атаған қоғамдық кеңес құрылды.

 

– Түрлі себептермен бастауыш ардагерлер ұйымына кірмеген, яғни, ешқайда есепте жоқ, ұйымдаспаған ардагерлердің бастарын қосып, мұң-мұқтажын шешуге сеп болатын мұндай кеңестердің жұмысын ардагерлердің жыл басында болып өткен республикалық VІІ съезі мен қалалық, облыстық конференциялары мақұлдаған болатын, – деді журналистерге ақсақалдардың жаңа ұжымын құттықтай келген Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Зейнешев.

– Өйткені өздерінің шағын аудандары мен ауларында, үйлерінде коммуналдық қызметтің шешілмей жатқан проблемаларын байырғы тұр­ғындардан артық ешкім білмейді. Сондай-ақ қайсыбір жалғызілікті қарияға, соғыс және еңбек ардагеріне, науқас адамдарға азамат ретінде қол үшін беру қажеттігінен көршілері, аулада бірге серуендейтін тұстастары әрдайым хабардар. Осындайда ардагерлердің аудандық, калалық кеңесімен, әкімдіктермен, коммуналдық мемлекеттік қызметтермен, депутаттармен қызу қарым-қатынас орнатқан шағын алқа мүшелерінің көмегі зор болмақ. Міне, сондықтан да біз әрбір ардагерге дейін жете білетін осынау қоғамдық кеңесті құрып отырмыз.

Шағын кеңесті бұрын ірі облыстық мекемеде бас инженер қызметін атқарған, ұйымдастыру қабілеті зор зейнеткер Николай Матияшин басқарады. «Автосити» сауда үйінің иегерлері – Сергей Чуканов пен Олег Абаев қарттардың тілегіне орай мекемесінің бір бұрышын жұмыс бөлмесі ретінде бөліп беріп, телефон қойған. Шағын кеңес мүшелері салған беттен алқа мәжілісін өткізіп, біраз істер тындырып та үлгерді. Атап айтқанда, Жастар орталығы арқылы жазғызілікті қарттардың пәтерлері тазартылды, тұрғындардың шағымы бойынша қалалық кеңестің медициналық комиссиясымен бірге №3 емхана арқылы таратылатын тегін дәрі-дәрмекті босату тексеріліп, ретке келтірілдді, көп балалы отбасына көмек көрсету жөнінде ТКШ бөліміне хат жазылды. Сонымен қатар, шағын ауданның көптен бері шешілмей келе жатқан проблемаларын «өлі нүктеден» қозғалтуды қолға алмақ. Мәселен, аулаларда көше жарығын және қадағалау камераларын, С.Сейфуллин атындағы театрдың афишасын қалпына келтіру, жолдарды жөндеу, шағын аудан қасынан өтетін каналды тазартып, су жіберу, №9 үйдің қасынан спорт алаңқайын жасау, балабақша ашу, аула сыпырушылардың жалақысын көтерудің жолдарын қарастыру және т.б.

Кеңес жұмысына актив мүшелері үлкен көмек беруде, оның құрамында бұрын облыстық білім бөлімі бастығының орынбасары болған Сәбит Әлжанов, Ауғанстан соғысы жауынгерінің жесірі Мария Трошина, зейнеткер Күлпан Сәдуақасова сияқты әртүрлі кәсіппен айналысқан тұрғындар бар.

– Шағын алқалар бұдан бұрын мен қалалық әкімдікте қызмет істеп жүрген жылдары Теміртауда құрылып, өздерін жақсы қырынан танытты, жұмысы маған жақсы таныс. Алдағы уақытта жаңаларын құрып, тиісті көмек көрсетіп отырамыз, – деп сендірді жиналғандарды Қазыбек би аудандық ардагерлер кеңесінің жаңадан сайланған төрағасы Ғабит Тұяқов.

Бір сөзбен айтқанда, шағын алқаны алдағы уақытта ауқымды істер шақырады.

Аман ЖАНҒОЖИН,

ардагер журналист, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 7826
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1183
count 88x31px