Қауіпсіздіктің қырағы күзетінде - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Биыл Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына – 24 жыл. Осы атаулы күнге орай, сәрсенбі күні облыс орталығындағы Кеншілер мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысып, сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құт­тықтады.

Еліміздің өзге өңірлерінде соңғы уақытта орын алған оқиғаларды ескере келе, біздің аймақтағы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметінің тиімді жүргізіліп отырғандығын айтып өту керек. Облыс әкімдігі мен ҰҚК Департаменті, басқа да құралымдардың бірлескен жұмысының нәти­жесінде, ескерту және алдын алу шаралары арқасында облыста қоғамдық тұрақтылық қамтамасыз етілуде. Тұрақ­тылық мәселесі – біздің өңір үшін аса маңызды. Себебі, Қарағанды облысында елі­міздің аса ірі стратегиялық нысандары – түсті және қара металлургия ошақтары, көмір өндірістері орналасқан, – деді өз сөзінде облыс әкімі.

Нұрмұхамбет Қанапияұлы жиынға қатысушыларды Ұлт­тық қауіпсіздік қызметкерлері күнімен құттықтап, еңбекте көзге түскен үздіктерге Құрмет грамоталарын табыс етті.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2380
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px