Ауылдағы айтулы шара - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ауылдағы айтулы шара
Жуырда Сарытерек ауылындағы орайлы істің куәсі болдық. Әлихан БӨКЕЙХАНОВТЫҢ 150 жылдық мерейтойына арналған шағын конференция өтіп, Ж.Кеңесбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Ернұр ТӨКЕННІҢ «Балауса қалам – жауқазын жырлар» кітабының тұсауы кесілді.
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Ажарлы ауыл тұрғындары, алдымен, игі дәстүрге жол берді. Селолық округ әкімі Ерлан Бизақов, аудандық білім бөлімінің басшысы Қанат Бәкіров және ауыл азаматтары тал көшеттерін отырғызды. Іс-шараға шақырылған қонақтар қатарында аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінің тілшісі Мүсіркеп Сейдахмет, «Балқаш өңірі» газеті редакторының міндетін атқарушы Нұрдос Кәрім және біздің «Ор­та­лықтың» бөлім меңгерушісі Нұрқанат Қанафин де бар.
Конференцияда ауыл мек­тебінің оқушылары баяндама жасады. Кітаптың тұсаукесерінде Ернұр Төкеннің алғашқы жыр жинағынан өлеңдер оқыды. Кітап авторы мен белсенділік танытқан оқышуларға көпшілік ақ жол тілеп, ақжарма тілектерін арнады. Сондай-ақ, Ж.Кеңесбаев атындағы орта мектеп директоры Кәмшат Сейдіғалиева шараға қатысқан шәкірттерге Алғыс хаттар табыс етті.    
АҚТОҒАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 234
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px