«Қазақшаң қалай, балақай?» - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

«Қазақшаң қалай, балақай?»
Жуырда «Молодежный» мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен балабақшадағы өзге ұлт өкілдері балаларының арасында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты қалалық дәстүрлі байқау өтті.
Байқау алдында қалалық білім бөлімі ұйымдастырған іріктеу кезеңінен «Алтын бесік», «Алданыш», «Балдәурен», «Алмагүл», «Гүлдер», «Еркетай», «Тілек», «Балауса», «Алтынай», «Бәйтерек» балабақшалары сүрінбей өтіп, байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болған еді. Бүлдіршіндердің өнерлерін сараптап, бағалау «Орталық Қазақстан» газеті редакторының бірінші орынбасары, айтыскер-ақын, төраға Ерсін Мұсабеков, қалалық М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана әдіскері Құралай Сағынтаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұрсұлу Қожахметова сынды қазылар алқасы мүшелеріне жүктелді. Байқау сарапшылары үміткерлердің тіл тазалығына, қазақ халқына тән ұлттық бұйымдардың  қолданылуына, ұлттық  киім  киісіне және сахна әдебіне баса назар аударды. Сөйтіп, «Үздік  ән», «Ең үздік ертегі қойылымы», «Ең үздік таныстыру», «Тарих жыршысы», «Көрермен көзайымы», «Әдет-ғұрып сақшысы»  номинациялар иегерлері  арнайы сыйлықтармен марапатталды. Қорытынды бойынша жүлделі 3-орынға «Тілек», 2-орынға «Бәйтерек»,  1-орынға «Балауса» балабақшалары лайық деп табылып, бас жүлде «Алмагүл» балабақшасына  бұйырды.
Сонымен қатар, бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, осы байқауда бүлдіршіндердің жоғары деңгейде өнер көрсетуіне себепкер болған балабақша тәрбиешілері, іріктеу кезеңінің өткізілуіне өздерінің өлшеусіз үлестерін қосқан «Балдырған», «Еркетай», «Ақбота» балабақшалары, осы байқауға ұйымдастырушылық көмек көрсетіп, балабақшалардың жұмыстарын үйлестіріп жүрген әдіскерлер Нұрсұлу Қожахметова мен Перизат Жарқыбаева Алғыс хатпен марапатталды.

Р.АҒАЙДАРОВА,
«Молодежный»  
мәдениет үйінің әдіскері.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 563
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px