Азаматтардың құқықтары қорғалуда - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Өткен жылдың қорытындысы мен биылғы атқарылған жұмыстарға сәйкес, прокурорлардың араласуының нәтижесінде 48 мыңнан астам заңбұзушылықтар айқындалып, 24 мыңнан аса азаматтардың құқықтары қорғалды. Соның 6 мыңнан астамы – еңбек саласында.

– Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау – облысымыз үшін аса күрделі мәселе. Біз қолданған шаралардың нәтижесінде 480 млн. теңге сомасын құрайтын жалақы берешектері өтелді. Қарызы бар кәсіпорындардың жалақы бойынша берешектері екі есеге азайды (2015 жылдың басындағы 154 млн. теңгеден өткен жылдың соңында 74 млн. теңгеге дейін). «TROY Tech» ЖШС 120 жұмыскеріне 37 млн. теңгеден астам берешектерін төледі. Бүгінгі күні 8 кәсіпорынның жалақы бойынша 3 айдан асатын 103 млн. теңге қарызы, 7 кәсіпорынның 3 айдан аспайтын 155 млн. теңге қарызы бар. Аталған мәселе прокуратура органдарының тұрақты бақылауына алынған, – деді Бауыржан Мағжан.

Мемлекет бюджетіне 2 млрд. теңгеден астам қаражат өндіріп, соның 650 млн. теңгесі салық саласына тиесілі. Табиғат қорғау саласында 1 млрд. теңге өндірілді. Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін «BasselGroup LLS» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 221 млн. теңге, дәл осындай жағдай бойынша «Nova Цинк» ЖШС-не де 144 млн. теңге сомасында айыппұл салынды. Нәтижесінде, айыппұлдар толық өндірілді.

Мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін өткен жылдың қараша айында халыққа қызмет көрсету орталықтарында «прокурордың онлайн кабинеті» жобасы енгізілді. Бұл жоба бойынша кез келген азамат өзінің арыз-шағымдарын тікелей желі бойынша жеткізе алады. Әр шағым тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілетін болады.

– Бақылаусыз көші-қон мәселесі алаңдатушылық туғызып отыр. Көптеген шетел азаматтары заң талаптарына қайшы жолдармен келіп жатқаны құпия емес. Биыл қадағалауға жататын аумақта прокурорлар рұқсат құжаттары жоқ шет ел азаматтарын жұмысқа тартудың 20-дан астам фактілерін анықтады. Жұмыс берушілер мен шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, келімсектер елімізден шығарылды, – деді Думан Қаржасбаев.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 610
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px