Бұқара бұйымтайы – назарда - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жуырда Қарағандыдағы №20 негізгі орта мектепте Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, «Қарағанды Жылу» ЖШС-нің бас директоры Серік БАЛКИШЕВ сайлаушылармен кездесті.

Басқосуда Серік Тұрғынбекұлы өзінің өмірбаяны, еңбек жолы туралы әңгіме өрбітті. Жылу беру маусымында қала бойынша атқарылған жұмыстар жайлы, алдағы қысқа дайындық шаралары жөнінде мәлімет берді.

Сайлаушылар тарапынан көтерілген мәселелерді назарға алып, келешекте оларды шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Өз кезегінде сайлаушылар депутатты құттықтап, арыз-аманаттары жазылған құжатты табыс етті. Құжатта тұрғындар мектеп маңындағы көше жарықтарын қалпына келтіру, мектеп алдынан өтетін жолдың өткен жылғы жөндеу кезінде аяқталмай қалған 200 метр бөлігін толық асфальттау және мектеп орналасқан Пришахтинск елді мекеніне қатынайтын қоғамдық көліктердің кестені қатаң сақтауын назарға алуды ұсынды.

Ермек ҚАНАФИН,

20 НОМ директоры.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 137
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px