Бүлдіршіндермен жүздесті - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 23.02.2017

Бүлдіршіндермен жүздесті
Жақында Қарағанды қаласы төтенше жағдайлар басқармасы өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің қызметкерлері «Бәйтерек», «Балбөбек» және «Балдырған» балабақшалары тәрбиеленушілерімен жүздесіп, өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқаулықтар өткізді.
Іс-шараны өткізудің мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларды тұрмыста, аулада сақ болуға, сонымен қатар, өрттің туындауы кезінде өз өмірлерін сақтауға көмектесетін ережелер тәртібіне үйрету. Кездесу кезінде балдырғандар өрт сөндіру құралдарымен танысты, сондай-ақ, «Өрт туындаған жағдайдағы әрекеттер» жаднамаларын алды. Оларға өздерінің ата-аналарына жаднамаларды көрсету және өрт қауіпсіздігі ережесін мүлтіксіз сақтау туралы балабақшада өткізілген іс-шара туралы айтып бару «тапсырмасы» берілді.

Ж.БЕКБОСЫНОВА,
ТЖБ ӨМББ бас маманы,
азаматтық қорғаныс майоры.                                                  

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 171
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1126
count 88x31px