БӘРІМІЗ – БІР АДАМНЫҢ БАЛАСЫМЫЗ - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

БӘРІМІЗ – БІР АДАМНЫҢ  БАЛАСЫМЫЗ
Мұхаммед Пайғамбардың хадисінде мынандай ғибрат бар: «Ашық түрде болсын, жасырын болсын жаман қылыққа жуымаңдар. Аллаһтың әміріне қиянат жасап, нақақ адам өлтірмеңдер». Яғни, жазықсыз жанды өлтіру ол – ең ауыр күнә, ең ауыр қылмыс.
Жақында ғана Ақтөбе қаласында болған лаңкестік әрекеттерден елі үшін еңбек етіп жүрген жазықсыз жандар өмірден озды. Олардың отбасы, бала-шағасы орны толмас үлкен қасіретке душар болды. Көз жұмған жазықсыз жандардың обалы кімнің мойнында? Әрине, адамгершіліктен айырылған, азғындық жолға түскен кісі өлтіргендердің мойнында болады.
Қазақ халқында «Басты байлық – бірлікте, бірліктің түбі – тірлікте» деген қанатты сөз бар. Ел бірлігі – байлықтың бастауы. Ал, бірліктің буынына қол жұмсағандар – елдің дұшпаны. Ыбырай Алтынсарин өзінің бір өлеңінде:
Бәріміз бір адамның
               баласымыз,
Жігіттер, бір-біріңе
                    қарасыңыз.
Бес күндік өмір деген
                      кетер өтіп,
Орынға атам барған
                     барасыңыз,
– деп айтқан екен.
Адамзат баласына берілген аз ғана сынақ өмірді татулықта, тыныштықта, бейбіт түрде өткізген жөн емес пе? Ал, бұған қарсы шыққандарды адамзаттың қас жауы деп білгеніміз жөн. Мейірім мен қайырымнан жұрдай болғандар қатыгездіктің барлық түріне барады. Ондай адамдар туралы хадисте: «Кішілерімізге мейірім, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген – бізден емес»  деген.
М.Әбдуов,
филология ғылымдарының докторы, профессор.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 543
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px