Бәскелестікке бастайды - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Бәскелестікке бастайды
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Приозерск қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жылдан-жылға артып келеді. Өз кәсібін ашып, сол арқылы нәпақасын тапқысы келетіндерге ұдайы қолдау көрсетіледі. Мәселен, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттен несие алып, шаруасын дөңгелеткендер баршылық.
Биылғы жылы жеке кәсіпкер Бостанова мал шаруашылығын дамытып, аймағын кеңейтуге ұсыныс түсірді. Мұндай ұсыныс жеке кәсіпкер Г. Жүсіповадан да түсті. Ол негізінен мал бордақылау алаңын үлкейтіп,заман талабына сай іргелі шаруашылық құруды ойластырып жүр. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда мал  өнімдерін өздерінде өндіру таза экологиялық өнімге қол жеткізудің бірден-бір жолы болса керек. Сондай-ақ, сырттан мал өнімдерін әкелу азая түседі. Өйткені, ауыл ішінде өсіріліп, семіртіліп, базарға жеткізілген малдың береке, ырзығы да қомақты болмақ. Сөйтіп, шаруа қожалықтары таза экологиялық өнімге қол жеткізуге біртіндеп бетбұрыс жасап келеді. Ал, бұрыннан мал шаруашылығын өркендетуді қолға алған «Атакәсіп», «Құлагер», «Әлімжан» шаруа қожалығының жетекшілері тұп-тура осы талап тұрғысынан жұмыс жасап келеді.
Несиеге қол жеткізген қожалықтар сәтін салса, малды өз төлі есебінен өсіре отырып, бордақылап, нарыққа шығарады, халықтың қажетін өтейді, бәсекелестік туындайды. Мұндай ырзыққа толы күндер де алыс емес секілді.
Приозерск қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 151
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px